Ел тәуелсіздігі алынып, соның жолында еңбек етуде бұл атаулы жылдың да алар орны бөлек. Себебі тәуелсіздік сөздің емес істің нәтижесі. Ендеше елдің іргесін бекіту, экономикасын көтеру, халықты тұрақтандыру басты мақсат. Осы мақсаттар жолында болған тарихи шежіреге көз жүгіртсек.
1993 жыл 13 қаңтар
«ҚР-ның мемлекеттік шекарасы туралы» заң бекітілді.
28 қаңтар
Тәуелсіз елдің тұңғыш Конституциясы қабылданды.
25 наурыз
Қазақстан Республикасы Еуропалық даму және Қайта құру банкіне мүшелікке өтті.
24 қыркүйек
Мәскеу қаласында ТМД елдерінің Экономикалық одағы деген келісімге қол қойылды.
12 қараша
ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы шықты.
15 қараша
Ұлттық валюта «теңге» қолданысқа енгізілді.
13 желтоқсан
ҚР Жоғары Кеңесі өз өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатты.
21 желтоқсан
Мемлекеттік дәрежедегі марапаттар мен наградалар бекітілді.