- Негізгі бет
- Тәуелсіздікке – 25 жыл
- Тәуелсіздікке 25 жыл:...
Тәуелсіздікке 25 жыл: 1992 жыл тарихи шежіре
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары Қазақстанның жағдайы бірден көтеріліп кетті деуге келмейді. Себебі еркіндікті енді алып, етек-жеңін енді жиып жатқан ел үшін бұл үлкен сынақ. Тәуелсіздік алғаннан бір жыл өткеннен кейінгі елдің жағдайы қандай болды, нендей үлкен жетістіктер мен міндеттер атқарылды, көз жүгіртіп алсақ.
1992 жыл қаңтар айы
Норвегия Корольдігі еліміздің тәуелсіздігін мойындады
7 қаңтар
Қазақстан Республикасының алтын және алмас қоры құрылды.
10 қаңтар
«Қазақстан Республикасында ішкі әскерлері туралы» ҚР президентінің Жарлығы қабылданды.
15 қаңтар
«Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заң қабылданды.
27 қаңтар
Тұңғыш рет 10,5 келі тартатын алтын кесегі өндірілді.
30 қаңтар
Қазақстан ЕҚЫҰ-ға мүше болды.
18 ақпан
«Бөбек» қоры құрылды.
2 наурыз
ҚР БҰҰ-ға мүше болып қабылданды.
16 наурыз
ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстанның Республикалық ұланы құрылды.
7 мамыр
Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті Қорғаныс министірлігі болып өзгерді.
15 мамыр
ТМД-ның алты мемлекеті (Қазақстан, Ресей, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан) Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойды.
22 мамыр
ҚР ЮНЕСКО-ға мүше болып қабылданды.
19 тамыз
ҚР Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымына мүше болды.
25 тамыз
«Әскери ант» туралы Жарлық шықты.
11 желтоқсан
ҚР Жоғары Кеңесінің қаулысымен ҚР-ның Мемлекеттік әнұранының мәтіні қабыланды.