- Негізгі бет
- Тәуелсіздікке – 25 жыл
- Өзге елдер тәуелсіздік...
Өзге елдер тәуелсіздік күнін қалай тойлайды?
Тәуелсіздік деген жалғыз сөздің өзі тереңіне үңілген адамның жанына жайлылық сыйлап, бақытты етеді. Күн сайын бір жақынынан айырылып, сағат сайын соғыстың зардабын шегіп жатқан ел қаншама?! Бәрі де сол елдің ниеті мен пейіліне қарай беріледі. Бейбіт күннің ләззатын көріп жүрген ел де аз емес. Солардың бірі ретінде бүгін Өзбекстан, Шотландия және Польша елдері тәуелсіздік мерекесін қалай тойлайтынына тоқталайық.
Өзбекстан Республикасы бізден үш жарым ай бұрын 1991 жылы 1 қыркүйекте тәуелсіздігін алды. Өзбек халқы үшін тәуелсіздік ең алғашқы және аса маңызды мемлекеттік мереке. Елдің мерейтойы өте кең көлемде, республикалық деңгейде ашық-жарқын, көңілді атап өтіледі.
Өзбекстандағы 12 облыстың қай-қайсына барсаңыз да "Өмірім менің, тағдырым менің – туған жерім, қайталанбас Өзбекстаным!" деп ұрандатып, мерекелік бағдарлама дайындайды. Елдің қай түкпірінде болсаңыз да, бұл күні дәстүрлі концерттер мен театрлық қойылымдардан көз ашпайсыз. Бес саусағынан өнер тамған шеберлер жасаған ұлттық бұйымдар сатылатын жәрмеңке бір жұмаға созылады. Мереке тағамсыз болмас-ты. Әрине, өзбек десе бірден еске түсетін палау тағамы да осы күні кез келген үйдің дастарқанынан табылады. Өзбекстан астанасы мерекелік шоуға күні бұрын аса қызу дайындық жүргізеді. Ел орталығындағы «Мустакиллик» алаңында кешке алпауыт отшашу орын алады.
1328 жылы 24 маусымда Шотландия елі тәуелсіз ел боп жарияланды. Шотландиялықтар Тәуелсіздік күнін рух күші, тұрақтылық пен беріктік мерекесі деп біледі. Осы ұғымдармен халықтың мінезін, жаратылысын сипаттауға да болады. Сүйікті әрі ұлттық мерекесінде шотландтар ата-баба ерлігімен келген бейбітшілікті өздеріне тарихи сабақ қылады. Бұл мемлекеттік мәдениеті мен өнерінен де осы мерекенің иісі мүңкіп тұрады. Тәуелсіздік күні шотландтардың бейбітшілік үшін күрес жолына арналған көптеген аңыз-әңгіме, поэма, баллада айтылады.
Тәуелсіздік күні ел қуанышымен бөлісу үшін Эдинбург қаласына жер-жерден туристер ағылып келеді. Барлық жерде ескі айбынды қамалдар көбейіп, олар тумен, жалаушалармен сәнделеді. Қас қарайған кезде ескі қабырғаларға жарық қойылады. Шотландияның бүкіл жері мерекелік шатыққа шомылады. Театрлық топтар егемендік үшін күрес тақырыбындағы қойылым дайындайды, оркестрлер міндетті түрде волынкамен (муз.аспап) көшелерді аралайды. Жақсы ұйықтап, жайлы тұру үшін мерекені үзбей, түнімен тойлайды.
1918 жылы 11 қарашада Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталып, 125 жылдан кейін Прусия, Ресей және Австрия елдері арасында Польша бөлігі Еуропа картасынан қайта орын тепті. Тәуелсіз Польша 1939 жылы қыркүйекке дейін ғана өмір сүрді. Бодандық 50 жылға созылып, елу жылда жаңарған ел 1989 жылға дейін тәуелсіздік ресми түрде тойланбады.
Қазір Польшада тәуелсіздік күні бүкіл жұрт демалады. Президент бастаған барша халқы, заңды тұлғалар, атақты саясат өкілдері, әскери жасақ ту көтеріп Варшава орталығына шығады. Жыл сайын дәстүрлі түрде марафондар мен толқулар болады. Елдің барлық қаласында мерекелік іс-шаралар, концерттік қойылымдар болып, жұрт жаппай көшеге шығады.
@. @assel_assanova