- Негізгі бет
- Тәуелсіздікке – 25 жыл
- Қазақстандық альпинистер Антарктиданың...
Қазақстандық альпинистер Антарктиданың биік шыңына мемлекеттік туды тікті
16 желтоқсан күні барша қазақстандықтарға арнап ерекше сый тартылды. Еліміздің тарихында алғаш рет, Қазақстанның Тәуелсіздік күні мемлекеттік туымыз Антарктиданың ең биік нүктесі – Винсон шыңына (4892 м) орнатылды.
Полярлық экспедиция қатысушылары - белгілі альпинистер Мағжан Сағымбаев пен Ілияс Ғалымбеков ауа-райының өзгерістерінен кестеге енгізілген түзетулерге қарамастан, Винсон шыңына шапшаң шықты. Шыңды алар алдында, әрбір күн санаулы болып тұрған кезде, тұман мен қардың тоқтағанын альпинистер бірнеше тәулік бойы төменгі лагерде күтіп отырды.
Алматы қ. Qazaq Geography өңірлік өкілдігінің басшысы, экспедиция тобының жетекшісі Мағжан Сағымбаев былай дейді: «Осы таудың басына шығу үшін біз жарты жыл бойы саналы түрде бар күшімізді салып дайындалдық. Жоғары қарай көтеріңкі көңіл-күйде көтерілдік. Өзің үшін тауға шыққаның бір бөлек, ал елің үшін жасаған әрекетің мүлде басқа сезім тудырады. Тәуелсіздік Күні барша қазақстандықтарға арнап осындай сый тартқанымыз үшін Ілияс пен өзімді мақтан тұтамын».
Экспедиция қатысушысы Ілияс Ғалымбеков: «Ауа-райы жағдайына байланысты тауға шығу оңай болған жоқ. Қазір Винсон шыңында тұрып, бәріне де төзіп, соңына дейін жете алғанымыз үшін серіктесіме және өзіме ризамын. Осы уақыт бойы бізді қолдап келген барлық адамдарға алғысымды білдіремін!»
Естеріңізге сала кетсек, экспедиция екі кезеңге бөлінген.
Бүгінгі таңда бірінші кезең өз мәресіне жетті – бұл Винсон шыңына шығып, тулардың орнатылуы. Винсон шыңы өзінің географиялық орналасуына байланысты «7 summits» альпинистік бағдарламасының күрделі биіктіктерінің бірі болып саналады. Осы жылы Винсонға көтерілген алғашқы күннен бері 50-жыл толды. Мағжан Сағымбаев пен Ілияс Ғалымбековтың шыңды сәтті бағындырғандарының арқасында Эльбрус пен Аконкагуа секілді мәнді өрлеулердің қатарына Винсон да кірді. Екінші кезең бірнеше күннен кейін басталады. Атлеттер Мағжан Сағымбаев, Ілияс Ғалымбеков, Юрий Юшин, сонымен қатар командада дәрігер міндетін атқарып жүрген зерттеуші Дәулет Шәріпов Оңтүстік полюске қарай шаңғы экспедициясын жүріп өтеді. Спортшыларға 217 шақырымға жедел маршты жүріп өтуге тура келеді.
«Қазақстандық Ұлттық Географиялық Қоғамы» РҚБ (QazaqGeography) Басшылық Кеңесінің Төрағасы, Назарбаев Университетінің ғылым мен инновациялар бойынша вице-президентіҚанат Байғариннің айтуынша: ««Тәуелсіздік Полюсі» атты бірнеше мағынада бірегей болып саналатын экспедициясының ұйымдасытрушыларының бірі Qazaq Geography-да шыққан. Біріншіден, қатысушылар қоршаған ортаны ластайтын автокөлікпен емес, шаңғымен жүріп өткендіктен, бұл толықтай экологиялық экспедиция болып есептелінеді. Екіншіден, экспедиция барысында ғалымдардың жинаған мәліметтері полярлық зерттеулер саласында жүргізілетін ғылыми жұмыстардың нық іргетасына айналмақ. Сонымен бірге, Антарктидада алғашқы қазақстандық ғылыми-зерттеу бекетінің ашылуына себеп болатын экспедиция Қазақстанға күшті әсерін тигізбек»
Тап сол кезде Юнион Глетчер антарктикалық базасында қазақстандық ғалымдар зерттеу жұмыстарына арналған ақпараттарды жинап болып, Қазақстанға оралмақ. Ары қарай ғылыми зерттемелер енді Назарбаев Университетінің, сонымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ зертханаларында жалғастырылады.
«Қазақстандық Ұлттық Географиялық Қоғамы» (QazaqGeography) РҚБ-ның «Туризм, саяхат, өлкетану» тақырыпты кеңестің Вице-Президенті Нұрлан Әбдуов: «Осы экспедиция аясында Тәуелсіздік күнінде Қазастанның ұлттық туын Антарктидада орнату біздің бұрыннан ойластырған ынтамыз бен арманымыз еді. 2011 ж. біздің Оңтүстік полюске алғаш рет барып келгенімізден соң, 5 жылдан кейін еліміздің 25-жылдық Тәуелсіздігіне арнап Антарктидаға қайтып келеміз деп уәде берген болатынбыз. Бізге сенім артып, демеу көрсеткен серіктестерімізге алғысымызды білдіре отырып, «Қазақстандық Ұлттық Географиялық Қоғамы» (QazaqGeography) РҚБ-ның Қамқоршылық Кеңесінің Төрағасы Мәсімов Кәрім Қажымқанұлына және «Бәйтерек» Ұлттық Басқару Холдкнгінің басшыларына ерекше ризашылығымызды білдіреміз.
Еске сала кетсек, «Тәуелсіздік Полюсі» экспедициясының құрамына топ жетекшісі Мағжан Сағымбаев, альпинистер Ілияс Ғалымбеков пен Юрий Юшин, ғалымдар Әлия Ерназарова, Арман Баймұхамедов пен Дәулет Шәріпов кірген болатын. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығын атап көрсету үшін, экспедиция ұйымдастырушылары мен қатысушылары 25 адамнан тұрды. 2010 жылдан бастап, бізде Арктикалық және Антарктикалық бағдарламалардың үйлестірушісі ретінде Нұрлан Әбдуов қызмет етеді. Алты жылдың ішінде бұл үшінші полярлық экспедиция. Ең шапшаң өтілген бағдар ретінде бірінші экспедиция Гиннес рекордтар кітабына енгізілді. Сонымен бірге, сол экспедиция нәтижелері бойынша және мемлекеттік органдармен бірігіп атқарған жұмыстардың арқасында 2014 жылдың қарашасында 1959 жылғы Антарктика Келісіміне Қазақстанның қосылуы туралы Президент Жарлығына қол қойылды. Біздің полярлық экспедициялардың құрамында он бес қазақстандық Арктика мен Антарктикаға барып қайтты, олардың алтауы Жердің Оңтүстік және Солтүстік полюстерінде болып келді.
«Тәуелсіздік Полюсі» экспедициясы аяқталған соң, Антарктидада автоматтандырылған ғылыми бекеттің орнатылуы туралы Қазақстан атынан ұсыныс берілу жоспарланып отыр.
«Тәуелсіздік Полюсі» экспедициясы Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен, сонымен қатар «Қазақстандық Ұлттық Географиялық Қоғамы» (Qazaq Geography) Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің демеуімен өткізіліп жатыр. Жобаның бас серіктестері ретінде «Бәйтерек» Ұлттық Басқару Холдингі, Назарбаев Университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Д.С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қатысты. Ғылыми-зерттеу экспедицияны ұйымдастырған Қазақ Географиялық Қоғамы.
Н. Айдархан