- Негізгі бет
- Тәуелсіздікке – 25 жыл
- Қайрат Рысқұлбектің жатқан...
Қайрат Рысқұлбектің жатқан камерасы – №21 камера емес
1986 жылғы желтоқсан оқиғасының құрбаны, азат елдің ертеңгі тынысы үшін күрескен Қайрат Рысқұлбек туралы тағы бір тың дерек пайда болды.
Бүгінгі күнге дейін айтылып келе жатқан естеліктер мен мақалалар, кітап беттерінде Қайрат Рысқұлбек Семей түрмесіндегі №21 деп камерада жатты деп айтылып келген. Тіпті бұл деректі оның жасымен сәйкестендірген жыр да туды, публицистикалық мақалалар да жария болды. Бірақ бұл – қате ақпарат.
1979-1991 жылдар аралығында Семей қаласындағы оқшаулау тергеу изоляторында жұмыс істеген Мақсұт Жүнісұлы Оспанов zheruiyq.kz сайтына берген сұхбатында Қайраттың №22 камерада жатқанын, №21 камерада жатты дегенді кейіннен естіп таң қалғанын айтты. Ол сөзіне дәйек ретінде Қайратты жеке өзін бірнеше рет сол камерадан алып шықанын, моншаға жуындыруға апарғанын айтты.
Тарих ғылымында деректану деген сала бар. Елімізде бұл саланың қанаты кеңге жайылмаған. Себебі осы бағыт бойынша үлкен профессорлар жоқтың қасы. Негізгі түсінігі Мәскеу мемлекеттік университетінде оқытылады. Осы ғылымның негізіне салсақ, тарихқа қарапайым сөз немесе естелік ретінде қарауға болмайды. Деректану жағынан алғанда нақты әрі шынайы ақпарат берілуі маңызды рөл атқарады.
М. Ақан