Сахна патриоттық үлгіде безендірілген.
Көрнекі құралдар: слайд, видео-ролик, проектор, т.б
Мерекелік кештің басы тәуелсіздік туралы бейне роликпен басталады. Роликте 25 жылдағы жетістіктер мен елдің тарихи жеңістері көрсетіледі.
1-жүргізуші:
Қалың жұртым, қазағым, мақтан бүгін,
Жан сырыңды жайып сап ақтар бүгін.
Мерейі үстем мерекең болсын құтты,
Сан ғасырлар жоғалтып тапқан бүгін.
2- жүргізуші:
Азаттық, еркіндік – әрбір елдің арманы һәм аңсары.
1-жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті қонақтар!
2-жүргізуші:
Армысыздар, ұстаздар және де студенттер!
1-жүргізуші:
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Азат елдің ертең үшін...» атты кешімізге ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
2-жүргізуші:
Қазақстан Республикасының гимні орындалсын!
1-жүргізуші:
1991 жылы 16 желтоқсанда еліміз іргесін бөліп, өз алдына азат, еркін ел болды. Ұлт тарихында бұл ұлы әрі ең үлкен жеңіс.
2-жүргізуші:
Дұрыс айтасың, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан кейінгі жағдайдан кейін, қоғамдағы дүмпу мен серпіліс үлкен өзгеріске алып келді. Бұл ел тәуелсіздігі. Алғаш тәуелсіздік алған жылдары еліміз экономикалық жақтан да, мемлекеттік саясат жағынан да әлі бұғанасы қатпаған еді.
1-жүргізуші:
Тар жол тайғақ кешіп жүріп, 25 жыл ішінде бізді әлем таныды. Танып қана қойған жоқ, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына деген құрметпен, елімізге деген сүйіспеншілікпен көптеген елдер одақтасуға, бірге жұмыс жасауға ат салысты. Бұл да біздің жетістігіміз.
2-жүргізуші:
Жетістіктеріміз көп болсын! Ортаға кешімізді бастау үшін ( белгілі бір тұлғаны қонаққа шақырып соған сөз беру) сөз берсек.
1-жүргізуші:
Алты құрлық, сан көршіммен жарастым,
Бәрі маған бас шайқайды таң қалып.
Жеңімпаздық тарихы да Алаштың,
Қайталанып келуі де заңдылық!- деп, ортаға әншілеріңіз ************ шақырсақ.
2-жүргізуші:
«Қазақтар талай рет тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге деген құштарлық, азаттық аңсары еңсесі түскен елді қайыра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды» деп елбасымыз айтқандай, біз жігерлі, намысты елміз.
1-жүргізуші:
Иә, 25 жыл біреуге аз уақыт болуы да мүмкін, бірақ осы жылдар ішінде үлкен жетістіктерге жету, еңбекпен келген ерлікті сақтау халықтың күші мен бірлігі.
2-жүргізуші:
Нағыз қазақ қазақ емес, домбыра демекші, ортаға күйші ұлдарыңыз/қыздарыңыз ****** шақырамыз. (Күй жарыс жасауға да болады)
1-жүргізуші:
Керемет! Құрметті достар, кеш барысында сіздерге дайындаған сұрақтарымыз бар. Дайын отырыңыздар. Сыйлығы да жоқ емес!
2-жүргізуші:
Ендеше, сол сұрақтарға кезек берейік.
1.1991 жылғы 16 желтоқсан мен 1990 жылғы 25 қазанның қандай айырмашылғы бар?
2. Ұлттық валютамыз қай жылы қай күні қай айда қабылданды?
1-жүргізуші:
1. Бізді әлем «ядролық қарудан бас тартқан тұңғыш ел» деп атайды. Бұл қай жылы қай қай кезде орын алды?
2. Елбасының президент сайланған күні?
2-жүргізуші:
Керемет! Бұл сұрақтардың жауабын әрбіріміз білуге міндеттіміз. Өйткені атаулы даталар мемлекеттің тарихынан сыр шертеді.
1-жүргізуші:
Ендеше тарихтың тереңіне бойлап, шабыттың қауырсыны мен сиялы қаламның бойына жан бітірген ақындарымызға кезек берсек.
Ақындар арнау өлеңдерін немесе тәуелсіздік жайында өлеңдер оқуға болады. 4-5 студент
2-жүргізуші:
Ақ Орда тігіп, Астана қылған қаласын,
Тарихын танып, ардақтап жатқан бабасын,
Барша әлем білген бөрі-жүректі баласын,
Қиналмай өтер алдынан шықса дара сын,
Көк туың мәңгі желбірей берсін көгіңде,
Айбарлы менің Алашым!
1-жүргізуші:
Қазақстаным,
Тәуелсіз Қазақстаным!
Ақ қанат таңның көрдім мен ғажап ұшқанын.
Көрдім мен сенің мөп-мөлдір айдындарыңды,
Алатау, Алтай, Қаратау айбындарыңды.
2-жүргізуші:
Тәуелсіздіктің қандай қиындықтармен жеткенін сезіну үшін студенттердің дайындаған шағын сахналық көрінісіне кезек берсек.
(Сахналық көрініс)
1-жүргізуші:
**** Білесің бе, бүгін ерекше күн болды. Тәуелсіз елдің ұрпақтары ұлы күнді ұлықтап жатса, ұлықтай берсе керемет емес пе?!
2-жүргізуші:
Турасын айттың. Елдің ертеңін ойлар болашақ білікті мамандар мен осы жастар. Сондықтан тәуелсіздіктің қадірі біліп қою аздық етеді, соның жолында өмір бойына еңбек ету – парыз.
Барлық қатысушылармен бірге ортаға бір әнші шығып туған жер, ел туралы жақсы бір әнмен кешті аяқтайды. Ән біткен соң барып жүргізушілер шығады.
1-жүргізуші:
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
2-жүргізуші:
Тәуелсіздігіміз жасай берсін!