Аңыздың бізге жеткен қалпы мынадай екен. Ғарышты бағындырған біз білетін Гагарин, расында, тұңғыш ғарышкер болмаған. Аңыздың құпия тұрғыда сақталуына оған дейін ұшқан ғарышкерлердің Жерге аман оралмауы себеп болып отыр.
Юрий Гагариннің ерлігіне дейін ғарышты бағындыру жобасы барысында кеңестің Ледовский, Шаборин және Митков есімді ұшқыштары апат болған. Сосын олардың есімдері мұрағаттан түпкілікті жойылған екен.
ОКБ-456 (Химки қаласы) сынақ орталығының инженері Михаил Руденко 1957, 1958 және 1959 жылдары қазіргі Қазақстанның батыс бөлігі мен Ресейдің Астрахань облысын қамтыған Капустин Яр ғарыш айлағынан (кейіннен, полигон болды) аталған ұшқыштар басқарған ғарыш кемелері көкке көтерілгенін растайды. Руденконың айтуынша, үшеуі де зымыранның сәтсіз көтерілуі кезінде өмірден озған екен. Сосын есімдері барлық құжаттан алынып тасталыпты.
Шындық
Кейіннен КСРО-ның ашылмаған құпия құжаттарын тексеру барысында, тәжірибе жүзінде ғарышқа көтеріліп, апатқа ұшыраған ұшқыштардың саны одан да көп болғаны айқындала түсті.
Гагаринге дейін ұшып, бірақ апат жағдайда қайтыс болған ғарышкерлердің тізімі:
Толық есімі Ұшу уақыты Апат себебі ДереккөзіАлексей
Ледовский
1957 ж. 1 қарашаКапустин Яр полигонынан
сәтсіз көтерілді.
Continental (Италия)Зымыранның бағыты
ауытқуы салдарынан
Continental (Италия)Капустин Ярдың толық
дайын еместігі есебінен
Continental (Италия)Орбитааралық ұшақты
сынақтан өткізіп жатқан кезде
Continental (Италия)Геннадий
Заводовский
1960 ж. 15 мамырНавигацияның істен шығуына
байланысты жоғалып кетті
Continental (Италия) Иван Качур 1960 ж. қыркүйекКеме ұшу кезінде
жарылып кетті
Reuters (Ұлыбритания) Петр Долгов 1960 ж. 11 қазанКеме орбитада
жарылып кетті
Associated Press (АҚШ) Алексей Белоконовқараша 1960, 1960,
1962 ж.ж. (бірнеше
нұсқасы бар)
Ғарышта оттегінің
жетіспеуінен қайтыс болды.
Corriere della Sera (Италия)Ғарышта із-түссіз
жоғалып кетті
Corriere della Sera (Италия) Геннадий Михайлов 1961 ж. 4 ақпанОрбитада құрылғылардың
істен шығуы
Associated Press (АҚШ)Валентин
Бондаренко
1961 ж. 23 наурыз --- --- Владимир Ильюшин 1961 ж. 7 сәуірҚону кезінде апатқа ұшырады.
Бірақ қытайлар тұтқындағаннан кейінгі өмірі белгісіз.
Daily Worker (Ұлыбритания)Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: ria.ru