Тура 55 жыл бұрын ғарышқа адамзат баласы самғады. Жер баласының өкілі болып, Айға алғаш рет сәлем жеткізген Юрий Гагарин болатын. Жер ғаламшарынан заңғар көкке ұшқан сол тұңғыш ғарышкер туралы ашылмаған сыр көп-ақ. Соның бірсыпырасы – сіздердің назарларыңызда.
Адамзат баласының көкке шыққан сәтін әңгіме ете қалса, көпшіліктің айтары – Гагариннің бас киімінде «КСРО» («СССР») деген жазуы. Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш-сынақшы, тұңғыш ғарышкерлердің жаттықтырушысы Марк Галлай «Бортта адаммен» («С человеком на борту») атты кітапта осы бас киімдегі жазу соңғы сәтте жазылғанын айтқан. Осыған дейін Пауэрс атты америкалық ұшқыш тыңшы ретінде көкке ұшпақ болып, ойы жүзеге аспай қалған. Әлем Гагаринді сол ұшқышпен шатастырмас үшін оның бас киімін шешпей-ақ, ұшуға 20 минут қалғанда қызыл бояумен жазған екен.
КОТА (Кеңес Одағының Телеграф агенттігі, ТАСС – Телеграфное агентство Советского Союза) үшін 3 ақпараттық хабарлама жасалған екен: салтанатты (ұшу сәтті аяқталған кезде), SOS хабарлама (көмекке шақырған кезде), апатты (сәтсіздік үшін) хабарламалар. Қуанышқа орай, бұл дайындалған хабарламалардың тек біреуі, алғашқысы қолданылған екен.
Гагариннің алғашқы сапарынан кейін оған инициалы және ғарышқа ұшқан күні жазылған «Волга» сыйлаған екен: ЮАГ 12-04. Осы кезден бастап «әдемі» нөмірлі көліктер сәнге айнала бастаған.
Юрий Гагариннің бұл «Волга» көлігінен басқа 1965 жылы француз елшісі сыйға тартқан аспан түстес Natra-Bonnet Jet VS көлігі болған. Бірақ, отандық көліктерден ерекшеленіп тұратындықтан бұл көлікті көп айдамаған. Ал қара «Волгасымен» қала ішінде еркін жүрген.
Космонавтика дәуірі басталғанда, ғарышқа шығу адам денсаулығына қалай әсер ететіні, ақыл-есіне зақым келу-келмейтіні белгісіз болатын. Ұйымдастырушылар аспанда ғарыш кемесін автоматтық режимнен қолмен басқару режиміне ауыстыратын кодты хаттың ішіне жазып жіберген. Себебі, Гагарин басы айналып, өз-өзін басқара алмай, хатты ашып, ішіндегі кодтың мәнін түсінбеуі мүмкін деген күдік туындаған. Бірақ, ұшу алаңында код Гагаринге айтылған және бастапқы күдік сейілген. Өйткені, ғарышкер есін жоғалтпаған.
Гагарин ғарышкерліктен басқа Жоғарғы Кеңес Одағының депутаты қызметін атқарған. Оның адалдық, шыншылдық және патриоттық сезімі жоғары болған.
«Восток-1» ғарыш кемесіне ауа кірмейтінін тексеретін құрылғы істен шығып қалған екен. Бас конструктор Олег Ивановский құрылғының істен шыққанына алаңдамай, кеменің барлық сомындары (гайка) мен бұрандамаларының бәрін бұрап шыққан.
Айда ескерткіш бар. Алюминийден жасалған скафандр бейнесіндегі кішкентай ғана ескерткіш қаза тапқан ғарышкерлерге арналған. Ескерткіштің астындағы тақтада опат болған 14 ғарышкердің есімі жазылған. Бұл тізімнің ішінде Юрий Гагарин де бар. Айға тұңғыш рет 1971 жылы Аполлона-15 экпиажы ескерткіш орнатты. Сонымен қатар, Айдағы биік нүкте Юрий Гагаринннің құрметіне берілген.