Титаник және 160 минутқа толы арпалыс әйгілі «Титаник» апатына биыл 104 жыл толыпты. Сол оқиғадан 85 жыл өткеннен кейін «Оскар» сыйлығына 14 рет ұсынылып, 11-ін ұтып алған атақты фильм. «Титаник» деген махаббат хикаясын барлығыңыз көрген шығарсыздар?! Бұл да өзінше бір тарихты кино ретінде баяулатып шығарған керемет туындысы.
– Түсірген киносына бөлінген ақша «Титаник» кемесін құрастыруға кеткен ақшадан да асып кеткен.
– 1997 жылы небәрі бір жылда 1 млрд АҚШ доллар тапқан кино.
– «Титаник» деген алып кеменің құрылысы 1909 жылы бастау алып, ағылшын ұсталары ең алғашқы ірі лайнерді небәрі 3 жылдың ішінде соғып шықты. Ұзындығы 268 м., салмағы 46328 т болатын алып кеменің құрылысына кеткен қаржы көлемі – 7 500 000 АҚШ доллары.
– 1912 жылдың 10 сәуірінде ағылшынның Саутгемтон қаласынан шыққан алып лайнер 4 күн жүзіп, 1912 жылдың 14 сәуірінде түнгі сағат 23:40-та Айсбергке соғылды. 2 сағат 40 минут ішінде толығымен суға батты.
– Кішігірім тарихы бар «Титаникті» жасаған ағылшынның білікті, тәжірбиелі ұсталары теория бойынша ол суға батуы бек мүмкін емес деп бір ауыздан айтты. Кеме 16 бөліктен тұрды. Есепшілердің болжамы бойынша 3/5 бөлігі суға толса да, кеме батпауы керек еді.
– Апаттан кейін 121 күн талқылаған оқиғада білгіштер басын шайқап, кемені жасағандар мүмкін емес деуден танбады. Ал ендігі саяхат ең қауіпсіз деп танылған кеменің 4 түтін құбыры бар. Бірақ 3-еуі ғана жұмыс жасап біреуі тек әдемілік, желдеткіш ретінде салынған.
– «Титаникпен саяхатта» ең беделді адамдар, туристер, қалталы азаматтар мен мұхитқа тамсану үшін ағылған кемедегі саяхатшылар – барлығының саны 2224. 1316-сы жолаушы, 908-і экипаж мүшесі.
– Ең қымбат 1-класс билетінің бағасы қазіргі инфляциямен 112 750 доллар. Кеме ішінде 2 неке қию, 13 жас отбасыға "бал айы" жоспарлаған, 9 болашақ ана, 11 мысық, 20 асыл тұқымды ит тағы басқалары болған.
– Кеменің қозғалысына көмірді пайдаланған, 180 адамның күші арқылы күніне 825 тонна көмірді жағып отырған. Кемеде 1178 құтқарушы қайық болған, алайда оған тек кемедегі адамның жартысы ғана сыюшы еді.
– Апатта 1513 адам жан сауғалап, кемеге қонғаны аман қалды. Қалған 711 адам опат болды. Өз-өзіне қол салды, үсті, қатты... Бұл жерде кеме бортындағы жүргізушілер уақытты созу үшін капитан бастаған бір топ жігіттер суға батып бара жатса да, жұмыстарын жалғастыра берген. Есесіне кеме 2 сағат 40 минуттан кейін батқан.
– «Титаник» кемесі суға батты, ал біреулер батпады деп әлі күнге дейін толық зеріттелмеген шикі тарихты ары қозғайды, бері қозғайды. Тағы кино түсіреміз дейді. Табамыз, анық-қанығына көз жеткіземіз дейді... Бір анығы батпақ күндер бүгін кеуіп, "Титаник" тарих бетінде қалды.
Қасеке Нұрсұлтан