Мемлекетіміздің Тәуелсіздік мерекесі алдында адамзат тарихында бостандық үшін болған күрестер мен қызықты танымдық оқиғалар легін ұсынып келеміз. Қазіргі таңда ең ықпалды елдер көшін бастап тұрған АҚШ та еркіндік үшін күрес жүргізген. Қазіргі Америка Құрама Штаттары жерінде ежелден америкалық үндістер өмір сүргені бізге мектеп бағдарламасынан белгілі. География және тарих сабақтарынан Американы Христофор Колумб (14921503) ашқанын да білеміз. Осы оқиғадан кейін, яғни, XVI ғасырда Англия, Испания, Нидерланд, Франция, Швеция Солтүстік Американы отарлауға кірісті. Ал, XVIII ғасырдың 60-жылдарына қарай Ұлыбритания Солтүстік Американы түгелдей дерлік басып алды. XVII ғасырдың басында Америкаға ауыр жұмыстарға пайдалану үшін Африкадан құлдар әкелу басталды. Англия королі тарапынан отарларға қатысты салық саясаты жүргізілді. Осы отарлық қанаудың күшеюі тәуелсіздік жолындағы соғысты туғызды. Бұл күрес жылдары тарихтаАмерикалық революцияатауымен белгілі. Осы революция барысында Американың түрпір-түкпірінде көптеген теке-тірестер орын алған еді. Солардың бірі Бостондағышайішу. Бостондағышайішуоқиғасына гербтік салықтың орнына жаңа кедендік салықтардың енгізілуі себеп болады. Ең алғашқышайқас 1773 жылы 5 наурызда Бостонда қала тұрғындары британ солдаттарымен қақтығысып қалуымен басталады. Осы кезде жаппай Ағылшын тауарларына бойкот тактикасы қолданыла бастады. Белсенді күрескерлердің бірі Сэмюэл Адамс үндістерше киінген отар тұрғындары тобын басқарып, 1773 жылы ағылшыншайы тиелген кеме жүгін теңізге лақтырды. Бұл оқиға Бостондағышайішу деген атпен тарихта қалды.