Тарихта небір байлар мен хан-ханзадалар, бақуатты патшалар болғаны белгілі. Олардың байлығын қазіргі "Форбспен" санау, қазіргі валюталық курспен есептеу қиын шығар. Сондықтан тарихтағы ең бай адамдарды болжаммен жобалап, түстеп қана айта аламыз.
Мәселен, Шыңғысхан да, Еділ қаған да, Сталин мен қытай императоры Шэнь-цзун де өте бай адамдар болған. Патшалардың қайсыбірін алсаңыз да, бақуатты адамдар. Дегенмен байдың да байы бар. Ендеше тарихтағы ең бай 5 адам кім екен, соны қарастырып көрейік.
Мұса Билеуші (1280-1337)
Африкадағы XIII-XV ғасырларда өмір сүрген Мали империясының билеушісі болған Мұса Манса ғаламдағы ең бай адам саналады. Оның байлығын өлшеу өте қиын. Сол дәуірдің математикасы мен адамдары бұл тасыған бақ-дәулетті есептей алмаған көрінеді.
Мұсаның билігі тұсында Мали корольдігі алтын өндірумен айналысқан. Әрі алтын өндіріп, өңдеумен айналысатын әлемдегі ең ірі мемлекет болған екен. Оның үстінде, сол ғасырларда алтынның саудасы ең қызып тұрған кез, ең қымбат, құнды тауар саналатын. Ал империяны басқарып отырған Мұса әулеті мол дәулет пен салтанатты бақ-байлықтың астында қалады. Байлығын адам санап бітпес еді делінеді деректерде.
Октавиан Август (б.з.д. 1 ғасыр)
Рим императоры Октавиан Августтың байлығын қазіргі валюта курсымен есептесек, 4,6 трлн доллар болады екен. Рим империясы Августтың билеп тұрған шағында әлем өндірісінің 25-30%-ын нарыққа шығарған. Соның есебінен императордың да қалтасы қалыңдап отырған.
Император Шэнь-цзу (1048-1085)
Қытайды 960-1279 жылдары басқарған Сун әулеті басқарған. Осы уақытта Қытай империясы гүлденіп, қуатты державаға айналады. Әрі дүниежүзілік Жалпы ішкі өнімнің 25-30 пайызын өндірген.
Экономикалық қатынастарды жақсы түсінген Сун әулетінің ұрпақтары қазіргідей салық жинаудың жетілген жүйесін жасап, сол арқылы саудагер мен өндірушілерден, қарапайым халықтан жүйелі салық жинап отырған. Әулеттің байлығы соның есебінен өсті әрі империя экономикасын бір адамдай қарап, бақылап отырған.
Акбар І (1542-1605)
Үндістанды басқарған Моғол империясының ұрпағы Акбар І-дің уақытында мемлекет қуатты экономикалық державаға айналып, әлем ЖІӨ-нің 25 пайызын қамтамасыз еткен екен.
Моғол әулетінің салтанатты өмірі мен бекзадалық, ақсүйек ғұмыры Британияның ақсүйектер әулетінен де асып түскен екен. Үнді элитасы Ағылшындар да бай болған.
Иосиф Сталин (1878-1953)
Сталин – қарама-қайшылыққа толы, дау-дамайы көп тұлға. Бірі оны жақтаса, енді бірі даттайды. Бірақ бүкіл елді тырп еткізбей қолында ұстаған диктатордың әлемдегі ең бай адамдардың бірі болғанына күмән жоқ.
КСРО-ның экономикасын да толық бақылауда ұстаған Сталиннің қуатты державаның есебінен ең бақуатты адамға айналды.