Силикон алқабы туралы біле жүріңіз (Видео)

Калифорниялық кәсіпкер Ральф Вэерст «Силикон алқабы» терминін алғаш қолданысқа енгізген. Оның "Electronic News" апталық газетінің тілшісі болып жұмыс істейтін Дон Хоефлер есімді досы «АҚШ-тағы Силикон алқабы» атты айдармен кәсіпкерлердің бизнестері туралы бірнеше мақалалар жазады. Содан кейін сексенінші жылдары IBM персоналды компьютер жасап шығарған кезде бұл термин белсенді түрде қолданысқа ене бастады. Оған дейін алқап Санта-Клара деп аталған. Силикон, яғни кремний деп аталуының басты себебі, ол компьютер өндірісіндегі (диод, транзистор, микросхема) негізгі шикізат көзі болды. 

Сол аймақта орналасқан Стэнфорд университеті алқаптың дамуына орасан зор үлес қосқан. Өткен ғасырдың 40-50-жылдары Стэнфорд ректоры Фредерик Термен арнайы бағыт ойластырады. ЖОО бітіруші әрбір түлек ең болмағанда бір инновациямен шығуы тиіс болған. Нақтырақ айтсақ, ректор әрбір бітірушіге компьютерлік технология саласында өзінің жеке компаниясын ашуға үгіттеді. Бүгінгі күні Терменді «Силикон алқабының атасы» деп атайды. 1955-85 жылдары Стэнфорд Ғылыми-Зерттеу Институты (қазір SRI International) негізгі төрт бағытта жұмыс істеді. Соның бірі қазіргі ғаламтордың бастауы болған ARPANET еді.

1970 жылдары электронды есептеу машинасын және жартылай өткізгіштерді дайындайтын ірілі-ұсақты компаниялар бой көтере бастады. Компьютерлік технология дамығаннан кейін IBM, Apple, HP, Dell, AMD және Microsoft секілді компаниялар осы алқапта топталып, оны компьютер өндірісінің орталығына айналдырады.

Google корпорациясының негізі қаланған гараж

Apple компаниясының негізі қаланған гараж

Amazon.com сайтының негізі қаланған гараж

Басында алқаптың экономикасын көтеріп тұрған "жартылай өткізгіштерді" дайындау болып табылғанымен, ғаламтор мен желінің дамуына байланысты "бағдарламалық қамту" басты бизнес көзі болып өзгереді. Ал NASA мен АҚШ-тың әскери-әуе күшінің қаржыландыруының арқасында Дуг Энджелбарт компьютерге арналған тышқанды (мышка, маус) ойлап табады.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/e2GY90soNDI","width":"450","height":"338"});

ҒАЛАМТОР ЖАРЫЛЫСЫ

ХХ ғасырдың соңына қарай, ғаламтордың аймақтық желілері дамыған сайын, Силикон алқабының дамуы да үдей түседі. Осылай Google, Yandex және Yahoo, ал XXI ғасырда келіп, Facebook, Twitter және Youtube секілді ғаламтор бизнесімен айналысатын компаниялар бой көтереді.

Силикон алқабында негізі қаланған компаниялар:

Adobe Systems Advanced Micro Devices (AMD) Agilent Technologies Apple Inc. Applied Materials Brocade Communications Systems Cisco Systems eBay Electronic Arts Facebook Google Pixar Hewlett-Packard Intel Intuit Juniper Networks KLA Tencor LSI Logic Marvell Semiconductors Maxim Integrated Products National Semiconductor NetApp Netflix Nvidia Oracle Corporation Salesforce.com SanDisk Sanmina-SCI Symantec Western Digital Corporation Xilinx Yahoo!

Негізгі штаб-пәтері алқапта орналаспаған компаниялар:

3Com (HP сатып алған) Actel Actuate Corporation Adaptec Aeria Games and Entertainment Akamai Technologies (Штаб-пәтері Кэмбриджде, Массачусетс) Altera Amazon.com's A9.com Amazon.com's Lab126.com Amdahl Aricent Asus Atari Atmel Broadcom (Штаб-пәтері Ирвинде, Калифорния) BEA Systems (Oracle Corporation сатып алған) Cypress Semiconductor Dell (Штаб-пәтері Раунд Рокта, Техас) EMC Corporation (Штаб-пәтері Хопкинтонда, Массачусетс) Extreme Networks E*TRADE (Штаб-пәтері Нью-Йоркта, Нью-Йорк) Fairchild Semiconductor Foundry Networks Fujitsu (Штаб-пәтері Токиода, Жапония) Groupon (Штаб-пәтері Чикагода, Иллинойс) Hitachi Data Systems Hitachi Global Storage Technologies IBM Almaden Research Center (Штаб-пәтері Армонкта, Нью-Йорк) IDEO Informatica Intuitive Surgical LinkedIn Logitech Maxtor (Seagate сатып алған) McAfee (acquired by Intel) Memorex (Imation сатып алған) Micron Technology (Штаб-пәтері Бойзида, Айдахо) Microsoft (Штаб-пәтері Редмондта, Вашингтон) Mozilla Foundation Move, Inc. Nokia (Штаб-пәтері Эспадада, Финляндия) Nokia Solutions and Networks (Штаб-пәтері Эспадада, Финляндия) NXP Semiconductors Nook (Barnes & Noble сатып алған) Olivetti (Штаб-пәтері Ивреяда, Италия) Opera Software (Штаб-пәтері Ослода, Норвегия) OPPO Palm, Inc. (HP сатып алған) Panasonic (Штаб-пәтері Осакада, Жапония) PayPal (eBay сатып алған) Philips Lumileds Lighting Company Playdom PlayPhone Qualcomm, Inc. (Штаб-пәтері Сан-Диегода, Калифорния) Quanta Computer Quantcast Quora Rambus RSA (EMC сатып алған) Samsung Electronics (Штаб-пәтері Сувонда, Корея) SAP AG (Штаб-пәтері Уолдорфта, Германия) Siemens (Штаб-пәтері Берлинде, Германия) Sony (Штаб-пәтері Токиода, Жапония) Sony Ericsson SRI International Sun Microsystems (Oracle Corporation сатып алған) SunPower SurveyMonkey Synopsys Inc. Tata Consultancy Services Tibco Software Tesla Motors TiVo TSMC Twitter VA Software (Slashdot) VeriSign Veritas Software (Symantec сатып алған) VMware Vocera WebEx (Cisco Systems сатып алған) @WalmartLabs (Walmart Global eCommerce сатып алған) YouTube (Google сатып алған) Yelp, Inc.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.siliconvalley.com