Шекердің пайда болу тарихы

Шекер ертеде шекер қамысы деп аталатын тропикалық өсімдіктен алынатын. 10 метрге дейін жететін бойымен 20-25% шекер құрайды. Шекер ең алғаш Полинезиядан Үндістанға өткендігі болжанады. Б.з.д. 510 жылы Үндістанды басып алған парсы билеушісі Дара еліне шекер жаңалығын алып келеді. Арасыз бал беретін шекер қамысы тез таралып, көптеп қарқын алады.

Кейініректе Иранды басып алған арабтар да шекердің дәміне құнығып, өсіріп, ауқымды өндіріс түріне айналдырды. Батыстықтар басқа көп нәрседе болғанындай шекерді де арабтардан алды. Елдеріне қайтқан крес жорықшылары шығыстағы шекердің дәмін ұзақ айтып жүрді. Шекер – Мысыр, Кипр, Сицилия, Андалусия арқылы Еуропа елдеріне, кейін бұл жақтан Канар аралдары арқылы Америкаға жетті. ХVІ ғасырда толыққанды сауда құралына айналды.

Шекер сөзінің түбі санскрит тілінде чаркара (शर्करा)  (ұсақ тас) деген мағынаға келетін және шекер үшін де қолданылған осы саркара сөзінен келеді. Ал Еуропаға бұл атау арабшадағы “суккәр” (سكر) сөзінен өтеді. Көп елдерде осы сөзден келетін атаулар қолданылады. (Орысша “сахар”, ағылшынша “sugar”, немісше “zucker” т.б.) Парсылардың қанд сөзі де біршама елдерде шекер орына баланады. (Ағылшыншада “candy”, бізде де қант сөзі бар.)

1309 жылы Лондонда 1 фунт шекердің бағасы бір адамның айлығына тең келетін. (1 фунт = 0,45 кг) Осы себепті күш жинасын деген мақсатта тек ауруларға ғана берілетін. Ал байлардың дастарханының сәні саналатын. Франция королі ІІІ Генри Венецияға келгенінде, оның құрметіне ұйымдастырылған салтанатта барлық табақта шекер ұсынылған болатын. Сол замандары Венеция рафинатталған шекердің орталығы еді. Васко да Гама Үндістанға барып шекер саудасын жолға қойғанында Венецияның шекер монополиясының белі сынған болды.       

Христофор Колумб шекер өсіруге климаты ыңғайлы болған Кариб аралдарына шекер өсіре бастады. Осыдан кейін аралдар шекер қамысы плантацияларына айналды. Еуропаның шекер қажеттілігі осы жерден қамтамасыз етілетін болды. Бұл жерде жұмыс істетуге әлемнің түпкір түпкірінен жұмыс қолы әкеліне бастады. Осы арада құл сауда-саттығы да үдейе түсті.

ХVІІ ғасырдың орталарына қарай шекер барлық жақта дерлік танымал жағдайға келді. Шекерді кофе және какаомен бірге қайнатып ішу Еуропа байларының арасында модаға айналды. Шекер саудасымен айналысқандардың жұмысы шыңға өрлегені соншалық, шекерді ақ алтын деп атай бастады. Ұзақ жерлерден келетіндіктен және тапшы болғандықтан әлі де арзан емес болатын. Тек өнеркәсіп төңкерісі кезеңінен кейін ғана арзандады.

Франция императоры І Наполеон Еуропа құрлығын қоршауға алып, шекер жолдарын жапқанында, адамдар жаңа шекер көзін іздей бастады. Маргграф атты неміс ғалымының ашқан жаңалығы бұл мәселенің шешіміне айналды. Ақ қызылшадағы (қант қызылша) тәтті заттарды кристалдандыруды және мұның дәмі шекер қамысына тең келетінін анықтады. Шәкірті Ачард мұның өндірісін жолға қойды. Алғашқы шекер фабрикасын 1802 жылы Силезияда құрды. Маргграф қант қызылшасынан 1%, Ачард 4,5% шекер алуды жүзеге асырған болатын. Ал қазір бұл көрсеткіш 15-24% аралығында.

Bilim-all.kz