- Негізгі бет
- Тарих
- Омар Хайямның «Рубаяттары»...
Омар Хайямның «Рубаяттары» Титаникпен бірге батып кеткен
XI ғасырда жазылған қолжазба сол кездегі парсы өркениеті билеушілерінің саяси өмірін әзіл мен парадокс арқылы жеткізген. Философиялық ойлардың жинағы қазіргі Иран территориясында низариттер мемлекетін құрған Хасан ибн Саббах туралы да көп мәлімет келтіреді. Аңыздардың біріне сүйенсек, Омар Хайям өзінің негізгі еңбегін ел билеушісі ибн Саббахқа сыйлаған екен. Кейіннен елге селжуқтер шабуыл жасап, басты қамалды өртеп жібереді. Тарихи қолжазба ғасырлар бойы жоғалып кетеді.
Ал 1896 жылы Эдвард Фицджеральд есімді америкалық ғалым парсы өркениетін аралап жүріп, түпнұсқаны тауып алады. Ғалым рубаяттарға қызығушылық танытып, Омар Хайям жазбасынан бірнеше қысқа естелік аударады. Кейіннен Эдвард қолжазбаның біршама бөлігі Ширен есімді парсы ханшайымында екенін біліп, онымен жолығудың сәтін қарастырады.
XX ғасырдың басы кезінде Иран саяси тұрақсыз ел болған. Азамат соғысы аяғын таппай жатқан кез еді. Эдвард Фицджеральд Ширенге ғашық болып, оны өзімен бірге АҚШ-қа алып кетуді жоспарлайды. Олар соғыс дүрбелеңінен аман шығып, Еуропадан Америка құрлығына жету үшін Титаник кемесіне мінеді. Қолжазбаның асыл нұсқасы да Эдвардта болатын.
Титаник су астына кеткенімен, америкалық ғалым өзінің болашақ жарымен аман қалады. Дегенмен тарих тәлкегінен аман қалған рубаяттардың түпнұсқасы су астына мәңгіге кетеді.
Ж. Өрісбай