Үндістанның Жамму және Кашмир штатындағы Сринагар қаласында Мұхамед Хайдар Дулати жерленген кесене жөнделді. Әйгілі әдебиетші, Тарих-и-Рашиди еңбегінің авторы, Үндістанда ұлы моғолдар империясының сұлтандары жерленген Мазар-и-Салатин қорымында жатыр. Мола басында урду және ағылшын тілінде жазылған тақтатас бар. Бұл ақпараттық тақта 2015 жылдың қыркүйек айында орнатылған болатын. Сонымен қатар Кашмир университетіндегі Орталық Азияны зерттеу орталығының қолдауымен Мұхаммед Хайдар Дулати: Қазақстан мен Үндістан арасындағы алтын көпір атты халықаралық конференция өтті. Онда қазақстандық және үндістандық ғалымдар белгілі тарихшының өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама жасады. Елші Болат Сәрсенбаев Қазақстан мен Үндістанның стратегиялық ынтымақтастығы туралы ақпарат беріп, білім саласындағы байланыстың нығайып келе жатқанын айтты. Болат Сәрсенбаев, ҚР Үндістандағы Елшісі: Кесененің он алтыншы ғасырдағы қалпына қайта келтірдік деп айтуға болады. Бұл жерде Мұхаммед Хайдар Дулати және оның туыстары жатыр. 24.kz