Бүгін апартеидпен күресуші ретінде аты әлемге танылған ұлы тұлға ОАР бұрынғы президенті Нельсон Манделаның туған күні. Ол осыдан 96 жыл бұрын, яғни 1918 жылы 18 шілдеде дүниеге келген болатын.
Осы күнге орай ол туралы біраз қызықты ақпараттар беруге тырыстық.
Ол кісі таңғы 5-те тұратын. Сағат бойына жаттығулар жасап, бір кесе сүтті ішкен бойда 6.30-да іске кірісетін. Өзі темірдей тәртіптің адамы еді. Кешкісін Преторияға жақын орын тепкен үйіне келіп, Гендель мен Чайковскийдің әнін тыңдап, батып бара жатқан күнге қарап отыруды ұнататын...
Ол кісі жас көрінетін. Себебі, жас кезінен бастап, әскер адамы болған. Денесін тіп-тік, ширақ ұстайтын. Әйтпесе, 80 жаста марафондық жарысқа қатысу деген мықты денсаулықты қажет етеді. Өзін әлі күнге жас санайтын. 1998 жылдың жазында өзінен 30 жас кіші әйелге үйленіп еді.
Ол кісі 1993 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, 1994 пен 1999 жылдар арасында Оңтүстік Африканың президенті. Адам құқығын қорғау жолындағы күрескер. Ел қаһарманы. Апартеидке қарсы шыққан халық батыры. Ол кісі - Нельсон Мандела. Кәдімгі көгілдір экран мен газет-журнал беттерінде әп-әдемі күлкісімен жымиып тұратын Нельсон Мандела.
Бүкіл әлемде одан атақты әрі сыйлы саясаткер болған емес. Майкл Джексон, Наоми Кэмпбелл, Элтон Джон, Тина Тёрнер секілді жұлдыздар бір қоңырауынан соң-ақ жетіп келетін. Олар оны мақтаныш, өздеріне мәртебе көретін.
Бұл кісі саясатта салиқалылық танытып, әлем бейбітшілігі үшін әрқашан жанын беруге дайын болатын. Әлемнің Фидель Кастро және Билл Клинтон секілді біртуар азаматтарымен достық қарым-қатынаста жүретін. Бұл кісі Ливия мен Куба арасындағы тыныштықты сақтауға, Ирак пен Югославия арасындағы бейберекетсіздікті, толып жатқан келеңсіз мәселелерді шешуге ат салысқан. Бұл кісі келе жатқанда АҚШ президентінің өзі туған әкесіндей көріп, ерекше сәлеммен қарсы алатын.
Жалындап келе жатқан жастарға өнеге айтудан шаршамайтын. Әрқашан адам баласын жақсылыққа шақырып, мейірімділік жолында ізгілік танытуды қалайтын. Амал қанша, Африкада өткен әлем чемпионаты кезінде оқыс жағдайда көз жұмып кетті. Әлемге ортақ адал перзентті өлді деуге ауыз бармайды. Себебі, артында қаншама өшпес сөзі қалды...
Нельсон Манделаның қанатты сөздері:
Шыққан бикітен құлау – еңбек емес. Нағыз еңбек – құлап қайта көтерілу. Ең мықты адам – қорқынышты жеңген адам. Мен ұмыта алмаймын, бірақ, кешіре алам. Көп дүние толыспаған, қашан өзің барып толықтырғанша... Жамандықтарды жоятын адам, жасайтын да өзі... Ең жақсы қуаныш – өзгеру.. Қарсы тұру мен өкпелеу – үмітке у бергенмен бірдей... Біздің басты қорқынышымыз – мықтылығымыз. Қоғамды өзгерту оңай – өзіңді өзгерту қиын. Адамның ең биік жетістігі – адамдық борышты атқару.
сурет: ntv.ru