- Негізгі бет
- Тарих
- Майя пирамидаларының не...
Майя пирамидаларының не үшін салынғаны белгілі болды
Мексиканың Антропология және тарих ұлттық институтының (INAH) ғалымдары зерттеу жүргізіп, америка құрлығында өмір сүрген көне халықтардың неге пирамида тұрғызумен айналысқанын анықтады.
Ғалымдардың айтуынша, майя, ацтек сынды байырғы халықтар пирамида құрылысын тау мен жанартаудың келбетіне ұқсатып тұрғызған. Бұл – табиғатты, тау мен жанартауды қастерлегенінің көрінісі. Табиғаттың тау мен жанартау сынды тылсым, жұмбақ болмысын киелі тұтып, оларға сакральды мағына беру үшін пирамида пішіндес құрылыстар салған.
Оның үстіне, алып, ірі, биік құрылысты пирамида түрінде тұрғызу біршама жеңіл болған. Әрі монументальды пирамидалар қаланың орталық бөлігінде салынып, қалған құрылыс-жайлардың барлығы соның маңайында салынып, жан-жаққа тараған. Былайша айтқанда, пирамада қаланың орталық нүктесі саналады.
Пирамиданың баспалдағы бар, жоғарғы жағында пұтхана орналасқан.
Әдетте, пирамидалар мен пирамидаға ұқсас құрылыстардың көп салынғанын аймақты ғылымда Мезоамерика мәдени-тарихи аймағы деп аталады. Бұл – қазіргі Мексика мен Гондурас, Никарагуа елдеріне дейін созылып жатқан үлкен аумақ. Мезоамериканың ең монументальды құрылысына көне майя қаласы – Чичен-Ицадағы (Мексика) мен Эль-Кастильо (Кукулькан) пирамидасы. Бұл – әлемнің жеті кереметінің бірі.
Қ. Слямбек