КСРО-да жоспарлы экономика болғандықтан, жалақы мөлшері нарық деңгейіне сәйкес келмей, басқа қағидаларға бағынатын еді. Мысалы, зауыт жұмысшысы өзінен жоғары тұратын инженерден көп жалақы алатын болған. Ендеше КСРО дәуірінде кімдер жоғары жалақы алғанын қарап көрелік.
Елшілер іс-жүзінде КСРО-да үлкен беделге ие болған. Олар тек жоғары жалақы алып ғана қоймай, Кеңес аймағында жоқ тауарларды шетелден алғызып, тұтына алған.
Шенеуніктердің де кірісі жақсы еді. Одан бөлек, бұл лауазымдылардың тартымды жақтары да бар болған. Олар қызметтік автомобильмен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, тапшы тауарларды арзан бағамен сатып алуына мүмкіндік жаратылған.
Халықаралық дәрежедегі спортшылар жоғары жалақымен қамтамасыз етілген. Дегенмен, олардың табысы шетелдік әріптестерімен салыстырғанда бірнеше есе төмен еді. Мысалы, «Динамо» футболшысына стандартты мөлшерлеме – 250 рубль, тағы да әр түрлі жарыстарда жеңіске жеткені үшін 100 рубль сыйақы берілген. Сондай-ақ, еңбек өтілі үшін төлемдер, үлкен сыйлық ретінде көлікке ие болған.
Ұқсас жазбалар:
Тарихи тұлғаларды тығырықтан шығарған жауаптар
Мұстафа Кемал Ататүрік – әлемдегі он ұлы көшбасшының бірі