- Негізгі бет
- Тарих
- Кенесары ханның ұлы...
Кенесары ханның ұлы қалдырған қолжазба табылды
Фото:
massaget.lz
Қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлы жайлы жазылған құжаттың түснұсқасы табылды. Қолжазбаның авторы өзге емес, Кене ханның өз ұлы - Ахмет Кенесарин. Бұл құжат Мәскеудегі мемлекеттік тарих мұражайының қорында 105 жыл бойы сақталып келгенімен, күні бүгінге дейін ол туралы ешкім білмеген.
Ресейлік түркітанушы Илья Зайцев қолжазбаны 2004 жылы тапқанымен, енді ғана кітап етіп жариялап отыр. Еңбектің таныстырылымы Ресей астанасында өтті.
Дереккөз: kaznews.kaztrk.kz
Е. Жұмабайұлы