- Негізгі бет
- Тарих
- Қазақстанның астанасы: Алматыдан...
Қазақстанның астанасы: Алматыдан Астанаға...
Астана қаласының ресми еліміздің бас қаласы болғанына 16 жыл толуда. Нақты ел астанасын ауыстыру туралы шешім 1997 жылы қабылданған болатын. Өткен осы жылдар бойы Астана бар қарқынмен өсіп келеді. Бас қаламыз өз атауын статусы ауысқан күні алған болатын. Ал бұрынғы атауы Ақмола болған. Ел астанасының Алматыдан Астана қаласына көшірілуіне бірнеше себеп болған. Айта кетсек, Алматы, Қазақстанның ең үлкен мегаполисі, географиялық жағынан еліміздің оңтүстік-шығысында орын тепкен. Ал елдің ордасы орталықта болғаны жан-жақты ұтымды болғандықтан, қазіргі Қазақстанның орталығында, тіпті Еуразияның жүрегінде орналасқан Астана қаласы таңдап алынды.
Алматының астана болудан қалуына түрткі болған өзге де себептерге тоқтала кетсек:
- Сейсмикалық қауіпті аймақ болғандығы;
- Астана болу үшін халық санының тым көп, мегаполис болғандығы;
- Қытай шекарасына жақын болғандығы;
- Сауда-өнеркәсіптің негізгі шоғырланған орталығы болғандығы;
- Географиялық орталықта орналаспағандығы;
Ал бұрынғы Ақмоланың бас қала болуға негізгі үміткер болу себептері:
- Қаланың жаңадан инфрақұрылымын құруға мүмкіндігінің болуы;
- Географиялық аумағының орталықта болуы;
- Инвесторлық қаржыны тартуға ұтымды жобалардың пайда болуы;
Ел астанасының солтүстікке қарай ауыстырылуы геосаяси, нақтылап айтсақ, этносаяси негізде болды. Яғни, еліміздің өндірістік орыс тілді солтүстік пен аграрлы қазақ тілді оңтүстік болып бөлінудің алдын алу болды. Мысалы, тәуелсіздігімізді алған жылдары Қарағанды, Қостанай, Ақмола облыстарының 45-65 пайызын орыс қоғамы құрса, 17-28 пайызын қазақтар құраған. Демек, екі елді тұтастай берік ұстау мақсатында, оған қоса, ұлтаралық байланыстың тұрақты болуына, бір ұлтты аймақтың қалыптаспауына негізделген басты жоба болды.
Бас қаланың өзгертілуіне сыртқы саясаттың да белгілі бір ықпалы болған. Нақтылай кетсек, бұрынғы астана болған Алматы қаласы көрші Қытай елімен шекаралас территориялық аймақта орын тепкен. Ал Қытайдың бізбен шектесетін аумағында, яғни Синьцзян-Ұйғыр автономиясында үздіксіз саяси толқулардың қауіпі төніп қалуы ықтималдығынан еліміз басшылығы осындай шешімге келген.
Үдерістің өзі үш жылды қамтыды. Нақты бұйрық 1995 жылы шығып, екі жыл бойы жаңа астананың инфрақұрылымы салынады. Ал 1997 жылға келіп, Ақмола қаласы Ақмола экономикалық аймағы болып құрылады. Содан кейін елбасының нақты қаулысына орай мемлекеттік мекемелер Жаңа Астана қаласына көшіріле бастады. Міне, содан 16 жыл өтіп, қазіргі Астананың қай деңгейге жеткенін өзіңіз де жақсы білесіз!
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: newskaz.kz
Ж. Өрісбай