Жібек мата мен одан жасалатын бұйымдар адамзат тарихында ерекше орын алады. Жібек алғаш өндіріле бастағаннан-ақ әлемдік саудада үлкен қызығушылық тудырды. Ерте және ортағасырлық дүние жүзі тарихында ешбір өнім жібек тәрізді әйгілі болып, әлемдік саудада өзіндік із қалдырмаған. Әйгілі сауда керуені Ұлы Жібек жолының осы тауардың атымен аталуы соның дәлелі. Жібектің таралуы мен тасымалдаудың шынайы тарихы сол кезеңдегі Еуропа мен Қытай елшілерінің құжаттарында, саяхатшылардыңаңыз әңгімелері мен сипаттауларындабейнеленген. Сол себепті жібектің қай кезеңдеөндірілгені мен өзге мемлекеттерге таралутарихы туралы нақты пікір жоқ. Дегенмен қолдабар мәліметтерге сүйенсек, жібек өндірудің құпиясын алғаш ретқытайлықтар төрт мың жыл бұрын ашқан,дегенмен Фава және Витт есімді әйгілі батысеуропалық зерттеушілер 7000 жыл бұрын депкөрсетеді. Қытайда б.з.д. 3 мыңжылдықта жібек өндіру технологиясытуралы маңызды ақпаратты 1958 жылғыЦэяншаньяндағы (Чжэцзян провинциясы) қазбажұмыстарынан аламыз. Онда Лянчжу мәдениетіескерткіштерін зерттеу кезінде бамбук себеті табылды, онда мата қалдықтары сақталған. Күріш қалдықтарынажасалған радиокарбон анализі оның б.з.д. 2750 100 жыл екенін анықтады. А.А. Тихомировтің ойынша жібек өндіруб.з.д. 3000 жыл бұрынғы династиядан бастауалған. Қытай деректері бойынша императорЧин Чонг (Ши Нонга) жібек өндіру әдістерімен жібек плантацияларын кеңейту және жібекқұртына күтімді жақсартуды қолға алады.Э.Ф. Поярковтың ойынша жібек өндірудің отаныҚытайдың Шандунь провинциясы. Б.з.д. 2255жылы аталған провинция қытай императорынасалықты жібекпен төлеп отырған. Тек б.з.д. ХІІғасырда ғана жібек бүкіл қытай территориясынамәлім болған. Пекин университетінің профессорыШан Юэ Инь-Шань кезеңіндегі (б.з.д. 1300-1200 жж.) Инь қаласынан табылған тасбақасауыты мен сүйектерде жазылған иероглифтердекелесі түсініктер келтірген: астық дақылдар,нан, тары, жібек құрты, тұт ағашы. Археологиялық зерттеулер көрсеткендей, жібек өндірісі алғаш рет Қытайөңірінде бастау алған. Келесі мәселе жібек матаға деген өзге мемлекеттер мен тайпалық бірлестіктердің көзқарасы мен жібекөндіру технологиясын қытайлықтардан кейін кімигергендігі туралы. ІV мыңжылдықта жібекті қытайлықтарданкейін Жапония, одан кейін Үндістан өндіребастады деген болжам бар. Мукерджидіңойынша жібек тұтының отаны Үндістанныңтаулы аймақтары. Оның 1890-1891 жылыжарық көрген еңбектерінде жібекті өндіру текбір жерде ғана болған жоқ. Санкскрит тіліндегіежелгі ескерткіштерде жібек туралы ақпаратбар болғанымен, Қытай туралы ешбір мәліметкелтірілмеген. Үндістантуралы алғашқы деректерді грек авторларыныңеңбектерінен кездестіруге болады, дегенменонда жібек туралы мәлімет жазылмаған.Д.М. Россинский былай жазады: Үнділерқытайлардың жібек тұтынан жібек өндіруәдісінен ешқандай жаңалық алған жоқ. Бұлтек бұрыннан бері әртүрлі жәндіктерден жібекөндіру әдісінің қарапайым жаңаруы болды.ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында Шығыс Үндістанға сапар шеккен неміс дәрігері Румфиусежелгі үнділердің жоғары сапалы жібек матасытуралы баяндайды. Ол үнділерден қытайлықтұтқа қатысы жоқ бірнеше жібек матасынаңғарды, сондай-ақ олардың сапасыныңәлдеқайда жақсы екендігін айтады. Ал жібек маталарының Үндістанда бар болғандығын көрсететін мәліметтер б.з.д. ІІ мыңжылдықтың ортасына тиесілі. К.Леман-Хаупт 585 жылы бұзылғанурартудағы Топрак-кола бекінісінен табылғанмата қалдығын зерттеу барысында оны Қытайдажасалған деген қорытынды жасады. Афинамаңынан неміс археологтары матамен оралғаныдыстағы күлді тапты. Г. Хундттың ойынша мата Қытай жібек құртынан жасалған. А.П. Франкфор Геродот пен Ксеновонның Мидеяны суреттеген жазбаларын мысалға келтіре отырып,Батыстың (Антикалық Греция) жібекті білгенінайтады. Автордың ойынша жібектің жабайыжібек құртынан жасалғанын айтып, оныңбасқа түрден жасалғанын және ол б.з.б. VI-IVмыңжылдықта Үндістанда белгілі болған дегенқорытынды жасайды. БұлҮндістанда да жібек өндірілгенін көрсетеді, дегенмен оның нақты қай кезеңде қалыптасқанытуралы болжам жасауға мүмкіндік бермейді.Археологиялық зерттеулерден Үндістандағыжібекті қолданудың басталу мерзімі б.з.д. VI-IVмыңжылдық екендігін байқауға болады, ал оданерте кезеңді көрсететін археологиялық дәлелдержоқ, сондықтан жібектің дербес отаны Үндістанболды деп кесіп айту киын. ДегенменҮндістанның ежелгі тоқыма ісінің жетістігі жібек өнімі ежелден таралғандығы және оны қолданғандығы анық. Жапонияда жібек өндіру ІІІ ғасырдан бастапкең таралған. Дегенмен Жапон аңызәңгімелерінде жібек өндіру 1800 жыл бұрынқолға алынған деген мәліметтер кездеседі. Алдеректерге сүйенетін болсақ, жапон ханшайымы Иингу Кого ІІІ ғ. Кореяға баса көктеп кіріп, салықты жартылай жібекпен салады. Осы кезеңнен бастап жапондар жібек өндіруді үйренген. Жібек жасаудың құпиясы ғасырлар бойы қатаң сақталып келгендігіне қарамастан, ІV-VІғасырларда жібекті өндіру Қытайдың монополиясы ғана емес, Жапония, Корея, Орталық Азия, Үндістан да таныс болады, дегенмен бұлмемлекеттерде жібек дербес түрде өндірілгенінемесе Қытайдан әкелінгені туралы дерекжоқтың қасы. Жібек өнімімен Үндістан, Жапония, Корея ежелден таныс болып, қолданып, аталған мемлекет өкілдерініңқызығушылығының жоғары болғаны соншалық,жібек өндіру технологиясын білуге талпынып,кейінірек өздері өндіруді қолға алған. Батыстағы гректер мен римдиктер үшінжібек өндіру технологиясы ұзақ жылдар жұмбақболып келді. Рим натуралисі Үлкен Плинийдіңжазуы бойынша б.з.б. 70 жылы жібек күлгінөңделмеген түрде ағаш жапырақтарында өседі.Рим империясы ұзақ уақыт жібек үшін алтынжәне күміспен төледі. Плинийдің мәлімдеуіншежібекке жұмсалған шығынның құны жылынамиллион сестерций. Б.з.д. І ғасырда жібектіңқұнды болғаны сонша, бай римдіктердіңөзі бұл матаның тек аз ғана бөлігін сатып алумүмкіндігіне ие болып, оны киімдеріне сәндітүйрегіш ретінде тігіп қоятын болған. Римдеб.з.д. 46 жылы жібектен киімдер кие бастаған.Жібекті дайындау тәсілі жібек құрты ГрециядаІV ғасырда белгілі болған. Аристотельдің Жануарлар тарихы және Плиней еңбектерінде жібек туралы ақпарат бар. Б.з. І ғасырында Қытай менБатысты жалғайтын құрлықтық жолмен қатар сужолдарының ашылуы Батыс елдерінде жібектіңкөлемінің өсуіне ықпал етті. Осыған қарамастан,қытайлық жібек монополиясы құпиясын қатаңсақтады, жібек өндіру технологиясы Батыста тек VI ғасырда ашылды. Осылайша,ежелгі Қытай елі өркениетінің үздік жетістігініңбірі жібек өнімі рим мен грек еліне таралыпқана қоймай, оған деген қызығушылықтыңболғаны сонша, оны алтын мен күміске сатып алып, оның құпиясын ашуға тырысқан. Л.Н. Гумилевтің Көне түріктер аттыеңбегінде былай көрсетеді: Саудада ең маңыздытауар жібек болды, ол Еуропаға Августкезеңінен бастап келе бастады. Византияныңжібекке деген сұранысы өте жоғары болатын, себебі сарай мен аристократтардың қажеттілігінен басқа, қосымша әскерді жалдау барысында жібек валюта есебінде жүрді. Жібек арқылы Византия Еуропаданодақтастарды, жалдамалыларды, кез келген тауар мен құлдарды жалдай алатын. Жібек Византияда алтын мен бағалы тастармен қатар бағаланды. Дегенмен Византияны бағалы тауармен қамтамасыз ететін артерия СолтүстікИран мен сасанидтер жері арқылы өтетіндіктен,олар керуен жолын уысынан шығармады.Сондықтан жібек өнімінің көп бөлігін өздерінеқалдырып, батыс елдеріне өздері белгілегенбағамен сатып отырды. Византиялықтар ирандардыңжібектің бағасын жоғарылатуына қарсы болды, себебі Иранның күшеюі Византияға қауіптөндірді. 531 жылы Византия королі Юстиниан африкандық саудагерлерді делдал рөлін өзқолдарына алуға көндіруді көздеу мақсатыменЭфиопиямен келіссөздер жүргізеді, дегенменпарсылардың үнді порттарындағы үстемдігі басым болғандықтан, эфиопиялықтар жібекті сатып алу монополиясын қолдарына ала алмай,552 жылы жасалған бейбіт келісім бұрынғы сауда дәстүрін қайта қалпына келтірді. 540 жылғы Иранмен болған жаңа соғыс,Юстинианды жібектің бағасын түсіругемәжбүрледі, ал парсы саудагерлері бұл бағаменжібекті сатуға келіспеді. Себебі Иранның жібекбағасын түсіруі Юстинианның күшеюіне ықпалететін. Жібекті арзан бағамен алу Юстининға Еуропадан жалдамалы әскер жалдауына мүмкіндік туғызатын еді. Иранның жібек бағасыныңтүсірмеуі салдарынан Сирияда шикізаттыңжоқтығынан жібек тоқу мануфактураларытоқырауға ұшырады. 570 ж. Хосрой АнуширванЙеменге иелік етіп, византиялықтарға Қызылтеңіз бен Үнді теңізіне жолды жауып тастады.Осы кезеңде тарих сахнасына жаңа серіктес түрік қағанаты қосылады. Түріктер болсааталған сәтте Қытайдан үлкен көлемде жібектіалым-салық ретінде алып отырған. Үйлерінжібекпен қаптағанына қарамастан түрік хандарыбарлық жібекті толық қолдана алмады. Бұл түрікқағанаты арқылы жібек тасымалының кең өріс ала бастауына негіз болады.Айта кететін жайт, Қазақстан аумағындағытайпалар мен ежелгі мемлекеттер Жібек жолыбағытында орналасқандықтан, сауда жолыныңөркендеуіне ежелден бастап өзіндік үлес қосқан. Шындығында, Жібек жолы бұл әртүрліжолдардың, жол жүйесінің, бағыттар менканалдардың байланысы, ал оның орталығы Орталық Азияның далалық аймақтары. Қытайдан шыққан тауарды сауда керуені Батыселдеріне сапары кезінде Орталық Азияаймағымен өтетін, онда көшпелілер мен малшаруашылығымен айналысушылар, саудагерлермен әскер мекендейтін. Еуропаға (Испанияға) жібек Византия менараб мемлекеттері арқылы келсе керек. Кеңкөлемде жібек Еуропа елдеріне ХІІІғасырдан бастап танылды. Ресейде жібек өндірупатша Михаил Федорович (1596-1645 жж.)кезінде басталып, жібек өндіру плантацияларысалынды. Жібекті бағалы тауар ретінде әртүрлі мемлекеттерде қолдану сол елдерде жібекті өздеріөндіруге қызығушылықтың артуына әкелді.Жібекке деген сұраныс пен қызығушылықтыңжоғары болғаны сонша, біртіндеп мемлекеттержібек құртын өндіріп, одан жіп пен мата өндірутехнологиясын игере бастады. Нәтижесіндежібек мата күнделікті тауарға айналып, өзінің құндылығын жоғалтты. АйнаОтарбаева әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранты