Ғалымдар Шыңғыс ханның қайда жерленгенін тауыпты-мыс. Монғол да, қытай да, қазақ та таласқан осы бір тұлғаның сүйегі Қазақстанда болуы да мүмкін екен.
Тарих ғылымдарының докторы Владимир Осколковтың айтуы бойынша, аңыз қолбасшының жерленген жері - Алтай екен. Сонымен...
Жерлеу рәсімі:
Оның жерленген жері көп уақытқа дейін құпия сақталып келген. Моласы жермен жексен етіліп мың атпен тапталған да еді. Жерлеу рәсіміне 2000 адлам қатысқан. Ал жерлеу біткесін барлық сарбаздарын бірге өлтіріп көмген. Жақын маңдағы адам біткеннің барлығы да өлтірілген. Елсіз жерде орман жайлап, аңыз далаға айналған.
Ғалымның пікірінше, осы орманды алқап Алтайда екен. Шыңғысхан тірі кезінде-ақ дәл осы жерге өзінің денесін қоюды бұйыртыпты деген де болжам бар. Дәл осы жерде тас дәуірінде адамдардың өмір сүргендігі анықталған. Ал қола мен темір дәуірлерінде шын мәнінде адам біткен бұл жерге аяқ баспаған көрінеді. Мұнда түркі халықтарының жер-су атаулары да жоқ екен. Тек 1786 жылы орыс зерттеушілері келген.
Сегіз жыл бұын ғалымдар Шыңғысханның жерленген жерін монғол-қытай шекарасына жақын Алтай тауларының етегінде деп мәлімдеме жасаған болатын. Сондықтан да, қытай, монғол, қазақ ғалымдарының болжамдары бір жерді көрсетіп отыр.
Шыңғысхан өлімі туралы аңыздар:
Шыңғысхан жабайы жылқыларды аулау кезінде құлап, жарақат алған. Осыдан майып болған-мыс; Ал Марко Поло оған жебе тиіп, қаза тапқан депті; Ал Плано Карпини Шыңғысханға найзағай түсіп, мерт болған десіпті; Шидұрха-қағанның арнайы жіберуімен Күрбілжін-қатын деген тұңғұт ханшайымы оны тістеп өлтірген деген де болжам айтылған екен; Ал ғалымдардың көп бөлігі оның 1227 жылы өз өлімімен қайтыс болған деген болжамға тоқталып отыр екен.Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: qrz.com