Әлемдегі ең үздік автомобиль брендтерінің бірі Ferrari компаниясы италиялық Энцо Феррариге қарыздар. Оның көліктері көркем дизайнымен, қолайлығы және жылдам қозғалтқышымен әйгілі. Энцо өзінің туындысында әдемілік пен жылдамдықты біріктіре алған. Италиялық әуесқойдың бар табысы осы құпиясында болып отыр.
Туған кезінде Феррари тегін иемденген елден ерек Энцо жасы тоқсанға келгенше көлік жарыстарына деген қызығушылығын жоғалтқан емес. Оның өмірімен жақынырақ танысуды ұсынамыз.
– Энцо Феррари әскерде қызмет етіп жүргенде қатты науқастанып, госпитальға ауыстырылады. Оның халі нашарлағаны сонша, тіпті медбикелер оған мән беруді қояды.
– Энцо автожарысқа алғаш рет 1919 жылы шыққан. Оның автоспортқа деген қызығушылығы тәуелділікке айналып, өмірлік хоббиі болады. Бір жылдың көлемінде Alfa-Romeo командасының бас жарысшысы атағына қол жеткізеді.
– Феррари жеке жарыс командасын 1929 жылы іріктейді. Сосын көлік құрастыратын компанияның негізін қалайды.
– Энцоны автоқұрастырушы деп атауға болмайды. Шындығында, ол өз көлігін өзі жасақтап шығармаған.
– Ол өмір бойы жұбайын сүйіп өткен. Дегенмен, өзге әйелдері де болған екен. Бірақ, ол туралы тек бірінші әйелі ғана білмейтін болған.
– Оның алғашқы перзенті туылғанынан Дюшен дистрофобиясымен ауыратын болған. Ол 24 жасында әкесінен бұрын қайтыс болады.
– Некесіз туған ұлы Пьер Феррари империясының заңды мұрагері атанады. Дегенмен, басқару қабілеті жоқ болғандықтан, компанияны біраз қысылтаяң жағдайларға жетелегені де белгілі.
– Энцо көзі тірісінде компаниясының 40 пайыз бөлігін Fiat компаниясына сатып жібереді. Ал қайтыс болғаннан кейін тағы елу пайызы аталған компанияның иелігіне өтіп кетеді.
– Жарыс командасын құрып, өз елінің атын шығару ең басты мақсаты болған Энцо өз дегеніне толық жете алды. Италиялық бренд барлық жарыс көліктерінің ішінде ең үздігі атанып жүр.
– Энцо өмірінің соңғы жылдары қара көзілдірік тағып жүреді. Тіпті, қараңғы бөлмеде де оны шешпеген екен.
– Феррари танымбелгісіндегі әйгілі тұлпардың шығу тарихы өте қарапайым болған. Жарыс көлігіне белгі ретінде тұлпарды қоюға Франческо Баракка есімді белгілі ұшқыштың әкесі ұсыныс тастаған. Себебі, ұшқыштың жойғышында да тұлпар бейнесі болыпты. Энцо бұл символ сәттілік алып келеді деп сенген екен. Тұлпар қара түспен көмкерілетін. Ал сары түсті Энцо өз қаласы Моденнің құрметіне қосады.
– Феррари өмір бойы ұшаққа мінуден қорқып өткен. Лифтке де мүлде мінбеген деседі.