Ел билеген әйелдер #9

Ел билеген әйелдер #9
Фото: mediasat.info

Ғасырлар бойы адамзат баласы әлемді тұрғызатын, оны өзгертетін - тек қана еркектер және білектілер мен бөріктілер ғана көшбасшылыққа, билікке лайықты деп келді. Ал  қоғам мен ғұрып ешбір әлеуметтік жағдайына қарамастан, күллі әйел қауымына екі ғана мақсат айқындап берген болатын: тұрмысқа шығу және өмірге ұрпақ әкелу.

Сонда да, нәзік жандыларымыз тарих беттерінен тыс қалған емес, олар өздерінің сұлулығымен және ақылымен әлемнің, жеке адамның, тұтастай бір мемлекеттің тағдырына ықпал ете білді. Сонымен тарихта ел билеген әйелдер туралы мәліметке көз жүгіртсек.

ХХ-ХХІ ғасырлар

Басы

– Кристина Фернандес де Киршнер (1953 жылы туған) — 2007 жылдан бері Аргентина президенті. 
– Луиза Лэйк-Тэк (1944 жылы туған) — Антигуа және Барбуданың генерал-губернаторы (20072014 ж.ж.). 
– Зинаида Гречаная (1956 жылы туған) —Молдавия премьер-министрі (20082009 ж.ж.). 
– Мишель Пьер-Луи (1947 жылы туған) — Гаити премьер-министрі (20082009 ж.ж.). 
– Квентин Луиза Брюс (1942 жылы туған) — Австралия генерал-губернаторы (20082014 ж.ж.). 
– Антонелла Муларони (1961 жылы туған) — Сан-Марино үкіметінің басшысы (20082012 ж.ж.). 2013 жылдың сәуір айынан қазан айына дейін уақытша билеген. 
– Йоханна Сигурдардоттир (1942 жылы туған) — Исландия премьер-министрі (20092013 ж.ж.). 
– Ядранка Косор (1953 жылы туған) — Хорватия премьер-министрі (20092011 ж.ж.). 
– Даля Грибаускайте (1956 жылы туған) — 2009 жылдан бері Литва президенті. 
– Дорис Лойтхард (1963 жылы туған) — Швейцария вице-президенті (2009 ж.). Ал 2010 мен 2012 жылдар аралығында ел президенті. 
– Роза Отынбаева — Қырғыз елінің уақытша президенті (20102011 ж.ж.). 
– Лаура Чинчилья (1959 жылы туған) — Коста-Рика президенті (20102014 ж.ж.). 
– Ивета Радичова (1956 жылы туған) —Словакия премьер-министрі (20102012 ж.ж.). 
– Джулия Гиллард (1961 жылы туған) — Австралия премьер-министрі (20102013 ж.ж.). 
– Дилма Русеф (1947 жылы туған) — 2011 жылдан бері Бразилия президенті. 
– Мария Луиза Берти (1971 жылы туған) — Сан-Марино үкіметін уақытша басқарған (2011 ж.). 
– Атифете Яхьяга — 2011 жылдан бері Косово Республикасының президенті. 
– Хелле Торнинг-Шмитт (1966 жылы туған) — Дания премьер-министрі (20112015 ж.ж.). 
– Йиглак Чиннават (1967 жылы туған) —Тайланд премьер-министрі (20112014 ж.ж.). 
– Эвелине Видмер-Шлумпф (1956 жылы туған) — Швейцария вице-президенті (2011 ж.). Ал 2012 мен 2015 жылдар аралығында ел президенті. 
– Джойс Банда (1950 жылы туған) — Малави президенті (20122014 ж.ж.). 
– Пак Кын Хе (1952 жылы туған) — 2013 жылдан бері Корея Республикасының президенті. 
– Аленка Братушек (1970 жылы туған) — Словения премьер-министрі (20132014 ж.ж.). 
– Анна Мария Муччоли (1964 жылы туған) — Сан-Марино үкіметін уақытша басқарған (20132014 ж.ж.). 
– Аминату Туре (1962 жылы туған) — Сенегал премьер-министрі (20132014 ж.ж.). 
– Эрна Солберг (1961 жылы туған) — 2013 жылдан бері Норвегия мемлекеттік министрі. 
– Симонетта Соммаруга (1960 жылы туған) — Швейцария вице-президенті (2014 ж.). Ал 2015 жылдан ел президенті. 
– Катрин Самба-Панза (1954 жылы туған) — 2014 жылдан бері Орталық Африка Республикасының президенті. 
– Лаймдота Страуюма (1951 жылы туған) — 2014 жылдан бері Латвия премьер-министрі. 
– Мари-Луиз Колейро Прека (1958 жылы туған) — 2014 жылдан бері Мальта премьер-министрі. 
– Маргерит Пиндлинг (1932 жылы туған) — 2014 жылдан бері Багам аралдарының генерал-губернаторы. 
– Эва Копач (1956 жылы туған) — 2014 жылдан бері Польша премьер-министрі. 
– Флоренс Дюперваль Джилом — Гаити премьер-министрі (20142015 ж.ж.). 
– Колинда Грабар-Китарович (1968 жылы туған) — 2015 жылдың ақпанынан бері Хорватия президенті. 
– Саара Куугонгельва-Амадхила (1967 жылы туған) — 2015 жылдың наурыз айынан бері Намибия премьер-министрі. 
– Амина Гуриб-Факим (1959 жылы туған) — 2015 жылдың маусым айынан Маврикия президенті.

Ж. Өрісбай