Ғасырлар бойы адамзат баласы әлемді тұрғызатын, оны өзгертетін - тек қана еркектер және білектілер мен бөріктілер ғана көшбасшылыққа, билікке лайықты деп келді. Ал қоғам мен ғұрып ешбір әлеуметтік жағдайына қарамастан, күллі әйел қауымына екі ғана мақсат айқындап берген болатын: тұрмысқа шығу және өмірге ұрпақ әкелу.
Сонда да, нәзік жандыларымыз тарих беттерінен тыс қалған емес, олар өздерінің сұлулығымен және ақылымен әлемнің, жеке адамның, тұтастай бір мемлекеттің тағдырына ықпал ете білді. Сонымен тарихта ел билеген әйелдер туралы мәліметке көз жүгіртсек.
ХХ-ХХІ ғасырлар
– Виктория (24 мамыр 1819 жыл — 22 қаңтар 1901 жыл) — Ұлыбритания ханшайымы (1837–1901 ж.ж.).
– Евгения де Монтихо (1826–1920 ж.ж.) — Францияның консорт ханшайымы. Уақытша билік құрған.
– Изабелла II (1830–1904 ж.ж.) — Испания ханшайымы (1833–1868 ж.ж.).
– Цыси (29 қараша 1835 ж. — 15 қараша 1908 ж.) — Манчжурия императоры. Қытайдың басым бөлігін басқарған (1861—1908 ж.ж.).
– Лилиуокалани (1838–1917 ж.ж.) — Гавай патшалығының соңғы билеушісі. Алоха Оэ әнұранының авторы (1891–1893 ж.ж.).
– Ольга Константиновна (1851–1926) — Грецияның консорт ханшайымы. Уақытша билік құрған.
– Лаура Тереза I (1856–1916 ж.ж.) — Араукания мен Патагония патшайымы.
– Мария Кристина Австрийская (1858–1929) — Испанияның консорт ханшайымы. Уақытша билік құрған.
– Ранавалуна III (1861–1917 ж.ж.) — Имерина билеушісі.
– Лунъюй (1868–1913 ж.ж.) — Цинь династиясын уақытша билеген.
– Мария Аделаида (1894–1924 ж.ж.) — Люксембург билеушісі (1912–1919 ж.ж.).
– Заудиту (1876–1930 ж.ж.) — Эфиопия императоры (1916–1930 ж.ж.).
– Шарлотта (1896–1985 ж.ж.) — Люксембург билеушісі (1919–1940 ж.ж.).
– Марианджела (1897–1934 ж.ж.) — Таволара ханшайымы.
– Салоте Тупоу III (1900–1965 ж.ж.) — Тонга ханшайымы (1918–1965 ж.ж.).
– Вильгельмина (1880–1962) — Нидерланды ханшайымы (1890–1948 ж.ж.)
– Хертек Амырбитовна Анчимаа-Тока — Тува Халық Республикасының президенті (1940–1944 ж.ж.).
– Юлиана (1909–2004 ж.ж.) — Нидерланды ханшайымы (1948–1980 ж.ж.).
– Елизавета II (1926 жылы туған) — Ұлыбритания ханшайымы (1952 жылдан бері).
– Сиримаво Бандаранаике (1916–2000 ж.ж.) — Цейлон (Шри-Ланки) премьер-министрі (1960–1965 ж.ж., 1970–1977 ж.ж., 1994–2000 ж.ж.)
– Индира Ганди (1917–1984 ж.ж.) — Үндістан премьер-министрі (1966–1977ж.ж., 1980–1984 ж.ж.).
– Сун Цинлин (1892–1981 ж.ж.) — ҚХР төрағасының міндетін атқарушы (1968–1972 ж.ж.).
– Голда Меир (1898–1978 ж.ж.) — Израиль премьер-министрі (1969–1974 ж.ж.).
– Маргрете II (1940 жылы туған) — Дания ханшайымы (1972 жылдан бері).
– Мария Эстела Мартинес де Перон (1931 жылы туған) — Аргентина президенті (1974–1976 ж.ж.).
– Элизабет Домитьен (1925–2005 ж.ж.) — Орталық Африка Республикасының премьер-министрі (1975–1976 ж.ж.)
– Маргарет Тэтчер (1925–2013 ж.ж.) — Ұлыбританияның премьер-министрі (1979–1990 ж.ж.).
– Мария ди Лурдеш Пинтасилгу — Португалия премьер-министрі (1979 ж.).
– Лидия Гейлер Техада —Боливия президентінің міндетін атқарушы (1979–1980 ж.ж.).
– Беатрикс (1938 жылы туған) — Нидерланды ханшайымы (1980–2013 ж.ж.).
– Вигдис Финнбогадоттир (1930 жылы туған) — Исландия президенті (1980–1992 ж.ж.).
– Мэри Юджиния Чарльз (1919–2005) —Доминикан Республикасының премьер-министрі (1980–1995 ж.ж.).
– Гру Харлем Брундтланд (1939 жылы туған) — Норвегия премьер-министрі (1981, 1986–1989ж.ж., 1990–1996 ж.ж.).
– Минита Гордон — Белиз генерал-губернаторы (1981–1993 ж.ж.).
– Агата Барбара (1923–2002 ж.ж.) —Мальта президенті (1982–1987 ж.ж.).
– Милка Планинц (1924–2010 ж.ж.) — Югославия премьер-министрі (1982–1986 ж.ж.).
– Жанна Матильда Сове (1922–1993 ж.ж.) —Канада генерал-губернаторы (1984–1990 ж.ж.).
– Кармен Перейра (1937 жылы туған) —Гвинея-Бисау елінің уақытша президенті (1984 ж.).
– Корасон Акино (1933–2009 ж.ж.) — Филиппин президенті (1986–1992 ж.ж.).
– Беназир Бхутто (1953–2007 ж.ж.) — Пәкістан премьер-министрі (1988–1990 ж.ж.,1993–1996 ж.ж.).
– Кэтрин Анна Тизард-Маклин (1931 жылы туған) — Жаңа Зеландия генерал-губернаторы (1990–1996 ж.ж.).
– Нита Бэрроу — Барбадос генерал-губернаторы (1990—1995 ж.ж.).
– Те Атаирангикааху (1931–2008 ж.ж.) — Маори ханшайымы.
– Сабина Бергман-Поль (1946 жылы туған) — ГДР Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы (1990 ж.).
– Казимира Дануте Прунскене (1943 жылы туған) — Литва премьер-министрі (1990–1991 ж.ж.).
Жалғасы