- Негізгі бет
- Тарих
- Ел билеген әйелдер...
Ел билеген әйелдер #3
Ғасырлар бойы адамзат баласы әлемді тұрғызатын, оны өзгертетін - тек қана еркектер және білектілер мен бөріктілер ғана көшбасшылыққа, билікке лайықты деп келді. Ал қоғам мен ғұрып ешбір әлеуметтік жағдайына қарамастан, күллі әйел қауымына екі ғана мақсат айқындап берген болатын: тұрмысқа шығу және өмірге ұрпақ әкелу.
Сонда да, нәзік жандыларымыз тарих беттерінен тыс қалған емес, олар өздерінің сұлулығымен және ақылымен әлемнің, жеке адамның, тұтастай бір мемлекеттің тағдырына ықпал ете білді. Сонымен тарихта ел билеген әйелдер туралы мәліметке көз жүгіртсек.
Орта ғасыр
– Ариадна (шамамен 457–515) — Шығыс Рим империясының императоры Зенонның әйелі. 491 жылы жұбайы қайтыс болғаннан кейін уақытша билікке отырады.
– Иш-Йокин (511–527 ж.ж.) — Тикаль билеушісі.
– Ху патшайым — Қытай императоры (Солтүстік Вэй). Уақытша билік құрған (515–520 ж.ж., 525–528 ж.ж.)
– Амаласунта (шамамен 495–535 ж.ж.) — Остготтар пайшайымы (526–534 ж.ж.)
– Феодора (шамамен 500–548 ж.ж.) — Византия императоры, император Юстиниан I-дің әйелі. Жұбайымен бірге ел билеген (527–548 ж.ж.)
– Элия София (шамамен 530–601 ж.ж.) — Византия императоры, император Юстин II-нің әйелі. Уақытша билік құрған (565–580 ж.ж.)
– Камбуджа-рая Лакшми — Ченла патшайымы (Тянлап-кхмер мемлекеті, Камбоджа) (575–580 ж.ж.)
– Брунгильда — Франктар патшайымы, Аустразия (Бургундия) патшасы Сигиберт I-дің әйелі. Ұлы Хильдеберт II таққа отырғанға дейін уақытша ел билеген (шамамен 543–613 ж.ж.)
– Иш-Йоль-Икналь — Паленке (Баакул патшалығы, майя) билеушісі (583–604 ж.ж.)
– Фредегонда (шамамен 545–597 ж.ж.) — Франктар патшайымы, Нейстрия патшасы Хильперика I-дің әйелі. Ұлы Хлотар II билік басына келгенге дейін ел басқарған (584–597 ж.ж.)
– Теоделинда — Лангобард патшайымы. Ұлы Аделоальд жас кезінде уақтыша ел билеген (616–625/626 ж.ж.)
– Император Суйко (554–628 ж.ж.) — Жапония императоры (593–628 ж.ж.)
– Ванда — Краков князі (?–? ж.ж.)
– У Цзэтянь (624–705 ж.ж.) — У Чжоу династиясынан шыққан Қытай императоры (690–705 ж.ж.)
– Борандохт — Эраншахр шахбануы (Иран). (629–630 ж.ж.)
– Азармедохт — Эраншахр (Иран) шахбануы (630–631 ж.ж.)
– Сондок — Силла ханшайымы (Корея мемлекеті) (632–647 ж.ж.)
– Чиндок — Силла ханшайымы (647–654 ж.ж.)
– Нантильда (шамамен 610–642 ж.ж.) — Франктар патшайымы, патша Дагоберт I-дің әйелі. Ұлы Хлодвиг II таққа отырғанға дейін ел басқарған (639–642 ж.ж.)
– Мартина (шамамен 641 ж.) — Византия императоры, император Ираклий I-дің әйелі. Өгей ұлы Константин III мен ұлы Ираклий II таққа келмес бұрын елді уақытша билеген (641 ж.)
– Император Когёку (594–661 ж.ж.) — Жапония императоры, Саймей императоры атағын алған (642—645 ж.ж., 655–661 ж.ж.)
– Батильда (шамамен 630–680 ж.ж.) — Франктар патшайымы, Хлодвиг II-нің әйелі. Ұлы Хлотар III жас кезінде елді уақытша билеген (657–665 ж.ж.)
– Химнехильда — Франктар патшайымы, патша Сигиберт III-тің әйелі. Ұлы Дагоберт II билігі кезінде беделді болған (656–661 ж.ж.)
– Либуше — Чехия билеушісі (шамамен VIII ғасыр)
– Император Дзито (645–702) — Жапония императоры (686–697 ж.ж.).
– Император Гэммэй (661–721) — Жапония императоры (707–715 ж.ж.).
– Шима — Калинга патшайымы (Индонезия). Уақытша билік құрған (674–675 ж.ж.)
– Ханум — Бухара билеушісі (674–710 ж.ж.)
– Теодрада — Беневенто ханшайымы, герцог Ромуальд I-дің әйелі. Ұлдары Гримоальд II мен Гизульфе I жас кезінде ел басқарған (677–682 ж.ж.)
– Сиш-Скай — Наранхо ханшайымы (682–741 ж.ж.)
– Дакия әл-Кахина — солтүстік Африкадағы Бербер-иудей князьдігі ханшайымы (694–703 ж.ж.)
– Джаядеви — Ченла патшайымы, патша Джаяварман I-дің әйелі. Жұбайы өмірден озғаннан кейін ел билігін өз қолына алған (шамамен 680–713 ж.ж.)
– Плектруда — Франктар императоры Қортық Пипин әйелі. Жұбайы өмірден озғаннан кейін, ел билейді (714–715 ж.ж.)
– Император Гэнсё (683–748) — Жапония императоры (715–724 ж.ж.)
– Теджакенкана — Сунда билеушісі (Индонезия) (723 ж.)
– Парсбит — Хазария билеушісі (730–731 ж.ж.)
– Император Кокэн (Шотоку атымен де белгілі, 718–770 ж.ж.) — Жапония императоры (749–758 ж.ж., 764–770 ж.ж.)
– Хильтруда — Бавария ханшайымы, герцог Одилон әйелі, ұлы Тассилон III таққа отырмас бұрын елді уақытша басқарған (748–754 ж.ж.)
– Скауниперга — Беневенто ханшайымы, герцог Гизульф II-нің әйелі, тақ мұрагері Лиутпранд ер жеткенше, елді басқарған (749–758 ж.ж.)
Жалғасы бар ..
Ж. Өрісбай