Ел билеген әйелдер #2

Ел билеген әйелдер #2
Фото: www.tourblogger.ru

Ғасырлар бойы адамзат баласы тек қана еркектер көшбасшылыққа, билікке лайық деп келді. Күллі әйел қауымына екі ғана мақсат айқындап берген еді: тұрмысқа шығу және өмірге ұрпақ әкелу.

Сонда да, нәзік жандыларымыз тарих беттерінен тыс қалған емес, олар өздерінің сұлулығымен және ақылымен әлемнің, жеке адамның, тұтастай бір мемлекеттің тағдырына ықпал ете білді. Сонымен тарихта ел билеген әйелдер туралы мәліметке көз жүгіртсек.

Көне заман

Басы

– Агатоклея — Грек-үнді патшайымы, уақытша билік құрған (б.з.б. 110–100 ж.ж.)
– III Береника — Мысыр билеушісі (б.з.б. 101–88 ж.ж., 81–80 ж.ж.)
– Клеопатра — Мысыр билеушісі, жары Птолемей XII-мен бірге билік құрған (б.з.б. 79 ж.ж.)
– IV Береника — Мысыр билеушісі (б.з.б. 58 ж.ж.)
– Саломея Александра — Иудей патшайымы (б.з.б. 76–67 ж.ж.)
– VII Клеопатра (69-30 до н. э.) — Мысыр билеушісі (б.з.б. 51–30 ж.ж.).
– IV Арсиноя — Мысыр билеушісі, Клеопатра VII-пен таққа таласқан (б.з.б. 48–47 ж.ж.)
– Анула — Шри-Ланка патшайымы (б.з.б. 47–42 ж.ж.)
– Динамис — Понт (Понтий) билеушісі (б.з.б. 44–14 ж.ж.)
– Парфиялық Муза — Парфия патшайымы, уақытша билік құрған (б.з.б. 2 ж. — б.з. 4 ж.)
– Пифодорида — Понт (Понтий) билеушісі (б.з.б. 14–8 ж.ж.— б.з. 38 ж.)
– Гипепирия — Понт (Понтий) билеушісі, Митридат III-пен бірге ел билеген (38–41 ж.ж.)
– Эрато — Армения патшайымы (б.з.б. 8–5 ж.ж., б.з.б. 2 ж.ж. — б.з. 2–11 ж.ж.)
– Аманишакете — Куш (Мероэ) билеушісі (б.з.б. 12–2 ж.ж.)
– Антония Трифаэна — Одрисс патшалығының билеушісі (18–38 ж.ж.)
– Чынг әпкелі-сіңлі — Вьетнам патшайымы (39–43 ж.ж.).
– Елена — Адиабен ханшайымы (шамамен 30–58 ж.ж.)
– Сивали — Шри-Ланка билеушісі (35 ж.)
– Шаквилат — Набатей патшалығының билеушісі, уақытша билік құрған (70–76 ж.ж.)
– Картимандуя —Бригантия билеушісі (43–69 ж.ж.)
– Береника — Иудей ханшайымы, II Ирод Агриппен бірге билік құрған (шамамен 48–65 ж.ж.)
– Кіші Агриппина — Рим императоры Неронның анасы, Неронның кезінде де ел билеген (54–56 ж.ж.)
– Боудикка — Ицендер ханшайымы (60–61 ж.ж.)
– Аманикаташан — Куш (Мероэ) пайшайымы (62–85 ж.ж.)
– Денг Суи — Қытай императоры, уақытша билік құрған (105 жылдан кейін)
– Сома (ханшайым) — Бапном (Фунань) Корольдігінің тұңғыш билеушісі (I ғасырдың соңы.)
– Лианг На — Қытай императоры, уақытша билік құрған (144–150 ж.ж.)
– Улпан — Элам патшайымы, жары IV Ородесамен біріге билік құрған (140–160 ж.ж.)
– Гадани — Грузия билеушісі, немересі Фарсмане III таққа отырғанға дейін уақытша билік құрған (135–? ж.ж.)
– Доу Мяо — Қытай императоры, ұлы Лин-ди таққа отырғанға дейін уақытша билік құрған (Хан династиясы) (168–172 ж.ж.)
– Люй-хоу — Хан династиясы кезіндегі Қытай императоры (?–? ж.ж.)
– Химико — Яматай елінің билеушісі (173–248 ж.ж.)
– Тоё — Яматай елінің билеушісі (250–266 ж.ж.)
– Юлия Домна — Рим императоры Септимий Севердің әйелі, Септимий жорыққа кеткен кезде ел билеген (193–211 ж.ж.)
– Юлия Соэмия — Рим императоры Гелиогабал анасы, ұлы таққа отырғанға дейін билік құрған (218–222 ж.ж.)
– Юлия Мамея — Рим императоры Александр Севердің анасы, уақытша билік құрған (222–235 ж.ж.)
– Юлия Меса — Гелиогабал мен Александр Севердің әжесі, уақытша билік құрған (218–224 ж.ж.)
– Дзингу Кого — Жапония императоры ( 193–201 ж.ж. тәуелсіз билік құрған, 201–269 ж.ж. уақытша)
– Зенобия — Пальмир патшалығының билеушісі (267–272/3 ж.ж.).
– Ульпия Северина — Рим императоры Аврелиан әйелі, император қайтыс болғаннан кейін 275 жылы бірнеше ай билік құрған. Кейін Марк Клавдий Тацит таққа отырады.
– Лахидеамани — Куш (Мероэ) билеушісі (306–314 ж.ж.)
– Иш-Уне-Балам — Тикаль («Ягуар») патшайымы (шамамен 317 ж.)
– Ю Венджун — Қытай императоры (Шығыс Цзинь), ұлы Сыма Янь билікке келгенше уақытша билік құрады (326–328 ж.ж.)
– Чу Суанзи — Қытай императоры (Шығыс Цзинь), уақытша билік құрған (343–357 ж.ж., 364–365 ж.ж., 373–376 ж.ж.)
– Лиу (318—349) — Қытай императоры (Чжао империясы), ұлы Ши Ши билікке отырғанға дейін уақытша билік құрады (349 ж.)
– Мавия — Оңтүстік Сирия патшайымы (375–425 ж.ж.)
– Юстина — Батыс Рим империясының императоры, ұлы Валентиане II билікке келгенше уақытша билік құрады (375–391 ж.ж.)
– Альбия Домника — Рим императоры Валент әйелі, жұбайы қайтыс болғаннан кейін уақытша билік құрады. Кейін Феолосия I таққа отырады (378–379 ж.ж.)
– Прабхавати —Вакатак (Солтүстік Үндістан) империясының билеушісі, уақытша билік құрған (385–405 ж.ж.)
– Пульхерия — Шығыс Рим империясының императоры Аркадийдің қызы, інісі Феодосия II таққа отырғанға дейін ел билеген (414–421 ж.ж.)
– Галла Плацидия — Батыс Рим империясының императоры Констанция III жұбайы, ұлы Валентиниане III таққа отырғанға дейін уақытша билік құрған (425–437 ж.ж.)
– Фенг — Солтүстік Вэй императоры, уақытша билік құрған (471–490 ж.ж.)

Жалғасы

Ж. Өрісбай