Ежелде жануарлар жапырақтар мен жемістерді жеген. Кейін ас мәзірлеріне өсімдік түптері мен астықты енгізе бастады. Содан соң еттің дәмін татып көрген. Кейін олардың милары жетіле түсті…
Проконсул – 27 миллион жыл бұрын Миоцен дәуірінде Солтүстік Африка аумағында өмір сүрген көне примат. Тайпаға бұл атауды ағылшын антропологы Артур Хопвуд берген, бұл «Консулға дейін» деген мағынаны білдіреді. Ол уақытта Консул деген лақап циркте үйретілген шимпанзелерге қолданылатын болған.
Проконсулдар осылай өздерінің тропикалық жұмағында өмір сүре берер еді, алайда табиғаттың әлегі оларға тосқауыл болды. Нақтырақ айтқанда, ауа райы қолайсыздығы. Жер бетін суық басып, ылғалды ормандардың аумағы тарылып, далалы алқаптар кеңейе түсті. 13-15 миллион жыл бұрын проконсулдар үшін қиын-қыстау кезең басталып, олардың бір бөлігі қырылып қалды. Қалғандары қауіпсіз ағаштан жерге түсіп, орман ішінен қорек іздей бастайды. Сол орман ішінде қалып қойғандар уақыт өте келе күшейе түсіп, миллиондаған жылдардан кейін горилла, шимпанзе және орангутан сияқты маймылдарға айналады. Бастапқыда олар солып қалған саңырауқұлақтар мен жемістерді жеді, ал олардың құрамында алкоголь бар екені баршаға белгілі, оны осы жемістерді жеген микроағзалар тудырады, мұны божу процесі деп атайды.
Әуелі олардың ағзасы этил спиртін (алкогольді) қорытуға қауқарсыз болды, приматтар уланып өліп қалатын. Дегенмен, 3 миллион жылдан кейін, шамамен 10 миллион жыл бұрын, біздің ата-бабаларымыздың гені мұндай рационға «икемделіп» алды, тіпті, игергенді қойып, алкогольді қорыту қабілеті 40 есеге дейін артты.
Әрине, сол бір қиын қыстау кезеңдерде өңдеуші жемістер олардың өмірлерін аман сақтап қалуға ықпал еткендері белгілі. Алайда миллион жылдан кейін ішімдікке деген құмарлық адамзатқа қауіп төндіретінін кім білген?
Бұл өте ертеде, 27 миллион жыл бұрын болған. Шамамен осы уақытта бүгінгі мыртықты (мартышка) еске салатын құйрықсыз кішкентай аң пайда болған. Тек оның құйрығы болмаған. Оны проконсул деп атаған. Проконсул деген – тайпаның атауы емес, ол барлық гориллалардың, шимпанзелер мен орангутандардың бір сөзбен айтқанда, қазып алынған приматтардың бір түрі. Проконсулдар ағаш бастарында өмір сүрген және көбінесе жапырақтар мен жаңғақтар секілді тропикалық орманның сыйларымен қоректенген, әсіресе, жемістерді өте жақсы көрген. Қысқасы, ағаш басында өсетін азықтың барлығын қорек қылған. Дегенмен, ара-арасында тарихқа дейінгі кей тиіндердің етін жеп көруден де бас тартпаған болар. Проконсулдардың ас мәзірі қазіргі шимпанзелердің ас мәзіріне ұқсас болған: олар бәрін жейді, дегенмен басты қорек – қолда бар өсімдіктер.
Дереккөз: "OYLA" журналы