Жиырма бірінші ғасыр өткен жүзжылдықтың азаматтары үшін құпияға толы болды. Үшінші мыңжылдықтың қалай басталатыны туралы көптеген болжамдар да айтылды. Ал бүгінде сол болжамдардың нәтижесін салыстыру біз үшін қиынға соқпайды. Ендеше бірге саралап көрелік.
Осыдан 80 жыл бұрын, нақтырақ айтар бослақ, 1935 жылдың 9 ақпанында аты белгілі ғалым Николо Тесланың америкалық Liberti журналына берген сұхбаты жарияланады. Жасы 79-ға келген хорват ғалымы Манхэттендегі қонақ үйлердің бірінде қонған кезде адамзат болашағына болжам жасайды.
1. Ғалымның айтуынша, ХХІ ғасырда жеке гигиена мен физикалық белсенділікке көп көңіл бөліне бастайды. Гигиена мен физикалық белсенділікке жауапты хатшының орны қорғаныс министрінен де маңызды болады.
2. Судың ластануы басты мәселе болмағанымен, таза судың пайдаланылуы қатаң бақылауға алынады. Тек ақымақтар ғана фильтрленбеген суды ішетін болады.
3. Болашақтың тренді соғыс емес, инновациялық жаңалықтар болады.
4. ХХІ ғасырда дамыған елдердің қаржы қоры қару-жараққа емес, жас ұрпақты біліммен сусындатуға жұмсалады.
5. Тарихи шайқастар мен саяси пікірсайыстар газеттің ең соңғы беттерінде қысқаша түрде жарияланатын болады. Ал басты бетте ғылыми жаңалықтар орын алады.
6. Адамдардың тұтыну тағамдары түбегейлі өзгеріске ұшырайды (фаст-фуд тағамдарын меңзеген болуы керек).
7. Кофе, шай және темекіге деген қызығушылық азайса да, ішімдік тұтыну мөлшері арта түседі. Бұл стимуляторларға ешқандай қарсы қаулы шығарылмайды. Адамдар өз еркімен бас тарта бастайды. Оның орнына бал, сүт және бидай көптеп тұтынылатын болады.
8. Қытай мен Үндістан елдерінің халық санының тым артуына қарамастан бүкіл Жер тұрғындарына азық-түлік қол жетімді болады.
9. Күнделікті қайталанатын жұмыспен айналысатын қызметкерлерді роботтар алмастырады. Темір механизмдер көне дәуірдегі құлдардың орнын басатын болады. Ал адам баласы тек ләззат алып, өмір сүру үшін ауыр жұмыстардан босатылады.
10. Арзан электр энергиясының ресурсы судың көмегімен алынады. Нәтижесінде адамдар отын сынды альтернативті жағармайларды қолданбайтын болады.
11. Ғалам материалдық құныдылықпен емес, идеялық және моральдық тұрғыдан дамиды.
Мінеки, Тесланың 80 жыл бұрын айтып кеткен болжамдары осы. Ал мұның қайсысы жүзеге асырылғанын не орындалмағанына өзіміз куә бола аламыз.