- Негізгі бет
- Тарих
- Батыс елдері Қазақстандағы...
Батыс елдері Қазақстандағы ашаршылық туралы неге білмейді?
The Diplomat журналы «Аштық жайлаған дала: Ашаршылық, Зорлық және кеңестік Қазақстанды орнату» (The Hungry Steppe: Famine, Violence, and the Making of Soviet Kazakhstan) атты монография авторы, Мэриленд университетінің профессоры Сара Кэмероннан алған Қазақстандағы ашаршылық туралы сұхбатын жариялады.
Онда сұхбат беруші 1930-33 жылдары болған Қазақстандағы аштықты қазақ үшін ең қасіретті оқиға болғанын айтқан.
«Қазақтар өздері өмір сүріп жатқан жердің табиғи ерекшеліктеріне бейімделгендіктен көшпенді өмір салтын ұстанған. Кеңес одағы «көшпенді мәдениеті дамымаған, артта қалған өмір салты» деп қабылдады. Ал шын мәнінде қазақтар жыл мезгілі өзгергенде жайылым ауыстырып, көшпенді мал шаруашылығымен табиғат ерекшеліктерін білгендіктен айналысты. Көшпенділік артта қалған мәдениет емес. Бұл - өте қиын жүйе. Ал Қазақстандағы табиғат ерекшеліктері үшін сол кездері ең тиімдісі көшпенді мал шаруашылығы болды», - дейді Сара Кэмерон.
Оның айтуынша, Қазақстандағы ашаршылық туралы батыс елдерінің білмейтінінің бірнеше себебі бар.
«Біріншіден, батыстағы қазақтардың аз ғана диаспорасы өздерінің тарихындағы қасіретті оқиға туралы айтып жеткізуге қуаты жетпеді.
Екіншіден, батыста Кеңес одағының тарихы тұтастай қарастырылады да, оның құрамында болған мемлекеттер туралы айтыла бермейді.
Үшіншіден, қазақтар көшпенді халық болғандықтан, ашаршылық туралы зерттеу қиынға соққан. Себебі көшпенді халықтарда ауыз әдебиеті жақсы дамиды да, ал тарихи жазбаша деректер бола бермейді», - деді Сара Кэмерон.
А. Қажиев