Бір аңыз айтайық. Ежелде Бату хан кезекті қаланы жаулап алу алдында бір ойға тоқтапты. Ол егер қалалықтар өз қалауымен жеңіліс тапса, олардың байлығын алып, өмірін сақтайтынын айтыпты. Көп ойланбастан-ақ қала адамдары жеңілгені туралы ақпар айтып, ханның жауынгерлеріне бар байлығын беріпті.
Сонда хан сұрайды:
- Халқы қалай екен?
- Қайғыға көміліп, жылап жатыр...
- Олар жылап жатса, байлықтары таусылмаған екен. Барыңдар, бар байлығын алыңдар!
Сарбаздары расымен де халықтың біраз байлығы қалып қойғанын біліп, алып қояды. Сонда халық жындыша күліп, естен кетердей жағдайға жеткен екен. Мұны естіген ханның сөзі былай болыпты:
- Міне, енді халықта ешқандай да байлық жоқ...
P.S. Өмірін алып қалып отырған ханға ынсап көрсете алмаған халықтың қулығына Бату хан асқан даналығымен жауап берді.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: nnm.ru