Хиросима мен Нагасакидің басына туған күн америкалықтардың да басына да тууы ықтимал еді. Ол қалай дейсіз бе? Ары қарай оқыңыз...
CNN тілшісінің АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздігі орталығының мұрағатында табылған деректерге орай, 1961 жылы АҚШ-тың атом бомбасын тасымалдайтын B-52 арнайы ұшағы апатқа ұшырап жерге құлаған. Осылайша екі полониймен жабдықталған бомба Солтүстік Каролинаның Голдсборо аймағына амалсыз лақтырылады. Арнайы тапсырмамен ұшып бара жатқан ұшақтың сол қанаты белгісіз себептермен істен шығып қалуы апатқа алып келген.
Хиросима (сол жақта) және Нагасакиде (оң жақта) жарылған атом бомбасының көрінісі
Парашютпен лақтырылған бомбалар жерге түскен кезде сол аймақ тұрғындарының бақытына орай жарылмай қалыпты. Егер олар жарылып кеткенде апат он мыңдаған адамның қырылуына әкеп соғатын еді. Екі бомбаның жалпы қуаты 3,8 мегатонна болған (Хиросимаға лақтырылған атом бомбасының қуаты 1 мегатоннаны құраған). Мұрағаттағы деректер толық зерттелгеннен кейін 1950-1980 жылдар аралығында атом бомбасын жетілдіру жобаларының аясында 32 түрлі апат болғаны мәлім болды. Соның 21-і құлаған кезде жарылмай қалыпты.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: news.discovery.com