Ресей археологтары Астрахан облысында қазба жұмыстарын жүргізіп жатып, Хазар қағанатына тиесі алып шаһардың орнын тапты. Бұл шаһар тіпті қағанаттың астанасы болуы да мүмкін.
Хазар мемлекеті – қазіргі Шығыс Еуропа мен Ресейдің еуропалас шекарасын алып жатқан, VII-X ғасырларда өмір сүрген түркі халықтарының мемлекеті. Тарихи жазбаларда Хазар қағанатының астанасы Етіл қаласы деп көрсетілген. Шамамен, Волга өзенінің ортасында орналасқан шаһар көрінеді.
Қағанаттың астанасы археологтардың қазір қазып жатқан жерінде жатқанын осыдан 50 жыл бұрын белгілі түркітанушы Лев Гумелев айтып кеткен екен.
"Мәдени жәдігері мол қазба табылды. Жануардың сүйектері, керамика мен металл заттар, тұрмыстық заттар көп табылып жатыр. Қала мәдениетіне жақын. Қаланың үсті шит кірпішпен қапталған. Бұл Хазар мәдениетіне тән құбылыс. Соған қарағанда біз қағанат астанасын тапқан сияқтымыз. Бірақ мына түркі мәдениеті көшпенді емес, отырықшы мәдениет болған", - дейді Ресей археологы Владимир Сарапулкин.