Археология туралы қызықты деректер

Темір барлаушыларының айтуы бойынша, сіз жер асты қазынасын жеке немесе үлкен қор ретінде кездестіре аласыз. Ауа-райының қолайсыздығына қарамай сіздің барлық назарыңыз қолыңыздағы темір апараты арқылы жер асты дыбыстарында болады. Жер астынан дыбыс сигналдары өз белгілерін берген кезінде таңғажайып Винчестер секілді қазына қорын тауып алу мүмкіндігі туады.

Винчестер қазынасы – темір дәуірі кезіндегі алтын бұйымдардан жасалған үлкен көлемді қазына қоры. Оның есімі табылған жеріне байланысты (Винчестер аумағы, Англия) қойылған.

Қазына ізденістерінен  қандай нәтижелер бар? Археологиялық қазбалардың ең бір қызықты сәттері – құнды заттардың орнына тот басып қалған темір-терсектертерге жиі кездесіп қалады екен. Алайда тапжылмай істелген ізденістің арқасында біздің заманымыздан мыңдаған жылдар бұрын пайда болған, тарихи қезеңдерді басынан кешкен ескі дүниелерді тауып алып жатады.

Археологтар мен темір барлаушылары өз жұмыстарын өте қатты құштарлықпен жасайды. Табылған заттардың мән-мағынасын ашумен қатар, тарихи мифологиялық дәлелдер келтіріп қоғамға таныстырады. Мысалы, 2000 жылы Кеван Холс соңғы темір дәуірі кезінде жасалған әшекей заттарын анықтап, жергілікті "Портабл Антика Скем" бағдарламасында жариялады. Сол секілді Қазақстан аймағында Есік обасынан, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының сақ  дәуіріне жататын  ескерткіші «Алтын адам» табылды. Осы Жетісу археологиялық экспедициясына жетекшілік еткен Кемел Ақышев, оның мүшелері Нұрмұханбетов, Масимовтар болды.

Археология – тарих ғылымының ежелгі дәуірі мен орта ғасырындағы адамзат қоғамының даму заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін мамандық.

Бұл мамандықтың негізгі зерттеу нысандары: алғашқы қауымнан, ерте заман мен орта ғасырлардан қалған материалдық ескерткіштер, еңбек құралдары, қару-жарақ түрлері, мекен-жай, қоныстар, керуен сарайлары мен әскери бекіністердің тұрмысы, үй-іші заттары, зираттар, обалар және т.б.

                                              

Қазақ тарихында тарих ғылымына көп үлес қосқан ғалым ретінде Әлкей Марғұлан, Кемел Ақышев сияқты қайраткерлерімізді білеміз.

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

сурет:  archaologyuk.org