Қазіргі адамдарға ұқсас саналы адамның қалыптасуы немесе Homo Sapines туралы дерек мектеп қабырғасындағы тарих пәнінде оқытылады. Осыдан 40-45 мың жыл бұрын саналы адам пайда болды, ол Африка жерінен табылды деп оқып едік. Дегенмен тарих беттерінің жаңа парақтары ашылуға дайын секілді. Соңғы дерек бойынша саналы адам осыдан 100 мың жыл бұрын, тіпті одан да ерте танылған болуы мүмкін және ол біз білетіндей тек Африкадан ғана табылмаған.Бұл туралы Science журналында жарияланды. Саналы адам немесеHomo Sapiens Сүтқоректілеркласы, Приматтаротряды, гоминидтер тұқымдасындағы Адамдартегінің жалғыз биологиялық түрі. Бингемтон университетінің антрополог маманы, профессор Рольф Квамның айтуынша алғашқы саналы адам Африкадан біз ойлағаннан да ерте табылған. Осыған дейінгі деректер ДНҚ негіздері мен археологиялық қазбалардың қалдықтарына негізделіп жасалған болса, енді бізде нақты дәлел бар. Бұл жаңалық Қытайдаосыдан 120 мың жыл бұрын шыққан Мислии қазбасының неге ол жақтан табылғаны туралы деректі анықтауға көмектеседі. Лондондағы жаратылыстану мұражайының профессоры Крис Стрингер өз мәлімдесінде былай дейді: Бұл жаңалықтар саналы адам Африка жерінде, бір-ақ мекенде табылды деген деректі жоққа шығарады. Африканың барлық жерінен саналы адам табылған болуы мүмкін. Енді мына қызыққа қараңыз. Біз Африкадан табылды деп жүрген Homo Sapiens сүйегі Израил жеріндегі үңгірден де табылып отыр. Антропологтар нақты жауап беруге әлі асығар емес. Профессор Стрингер саналы адамдар осыдан жарты миллион жыл бұрын да өмір сүрген болуы мүмкін деп топшылайды.