- Негізгі бет
- Тарих
- 29 наурыздағы әлем...
29 наурыздағы әлем оқиғалары
Оқиғалар
Қаһармандарды еске алу күні. (Мадагаскар)
Құқықтық көмек көрсету мамандарының күні (Ресей)
Жастар күні (Қытай)
Боганда күні (ОАР) Бартелеми Боганда – Орталық Африка Республикасы тәуелсіздігі үшін күрескен жетекшілердің бірі.
168 жыл (б.з.б) – бірінші газет пайда болған күн. (Рим, хабарландырулар тақтасы)
1461 жыл – Таутон соғысы. Англиядағы "Қызыл мен ақ раушан гүлдер" ұрысындағы ең қанды оқиға.
1638 жыл – швед лютерандары еуропалықтардан алғашқы болып Делавэрде (Америка) қоныстанды.
1778 жыл – ағылшын капитаны Джеймс Кук Ванкувер аралына адам ізін салған алғашқы еуропалық болды.
1795 жыл – неміс сазгері Людовиг ван Бетховен Венада алғашқы концертін берді.
1848 жыл – Ниагара сарқырамасы 30 сағаттан астам уақытқа тоқтап қалды. Себебі, Ниагара өзені мұз боп қатып қалған болатын.
1867 жыл – Англия Солтүстік Америкада Канадаға негіз салу туралы заңға қол қойды.
1873 жыл – Лев Толстой «Анна Каренина» романын жазуға отырды.
1886 жыл – Иоганн Цукертортты жеңген Вильгельм Стейниц шахмат бойынша алғашқы чемпион атанды.
1886 жыл – АҚШ-та «Соса-Соla» сатыла бастады.
1940 жыл – Англия банкі көшіріп басудан жақсы қорғалған, арасына темір жіп өткізілген алғашқы ақшаларды айналымға енгізді.
1967 жыл – Алғашқы француз атом суасты кемесі суға түсірілді.
1973 жыл – АҚШ пен Вьетнам арасындағы соғыс бітті.
1974 жыл – АҚШ-тың «Mariner 10» ғарыштық аппараты Меркурий планетасын алғаш болып суретке түсірді.
1974 жыл – Қытайдың Сиань қаласының маңынан «Терракот әскері» табылды.
1998 жыл – Лиссабонда Еуропадағы ең ұзын көпір салынды.
2017 жыл – Массагет қазақ жастар порталында тұтас буынға үлгі болар тұлғалардың өнегелі өмірі мен бар болмысын танып-білуге мүмкіндік беретін "АЙНА" жобасының тұсауы кесілді.
Туған күндер
1561 жыл – Санторио Санкториус (Santorio Santorio) Италия дәрігері, физиолог, анатом, алғашқы болып қан өлшейтін термометрді ойлап тапқан.
1629 жыл – Алексей Михайлович, орыс патшасы.
1790 жыл – Джон Тайлер АҚШ-тың 10 президенти.
1805 жыл – Эжен Шнайдер, "Schneider Electric" компаниясының негізін салушы, алғаш болып локомотив пен параходты құрастырды.
1957 жыл – Кристофер Ламберт, «Сезар» сыйлығын алған ең жас актер.
Т. Раушанұлы