Мейрам мен даталы күндер Халықаралық балалар әдебиеті күні. Халықаралық аутизм мәселелері күні. Мальвин аралдары (Аргентина) күні. Халық бірлігі күні (Ресей). Оқиғалар 1512 жыл испан теңізшісі Хуан Понсе де Леон өзі тапқан жерді Флорида деп атады. 1525 жыл германиялық мұғалім Томас Мюнцер жетекшілігінде шаруалар соғысы басталды. 1794 жыл әлемдегі бірінші авиакомпания Aerostiers-қа негіз салынды. Арадан екі ай өтіп әуе шарлары барлау жұмыстарына қолдалына бастады. 1860 жыл бірлескен Италияның бірінші парламенті Туринде бас қосты. 1905 жыл Альпі таулары арқылы Италия мен Швейцарияны қосатын жерасты жолы ашылды. 1912 жыл Титаник кемесі алғашқы сынаудан сәтті өтті. 1963 жыл Айды зерттеу мақсатында Луна 4 станциясы ғарышқа ұшты. 1970 жыл Катар мемлекеті Ұлыбританиядан өз тәуелсіздігін алды. 1978 жыл Американың CBS телеканалында Даллас сериалының тұсауы кесілді. Бұл 5 аптаға жоспарланған минихикая көрермендердің қызығушылығының арқасында 13 жылға жалғасты. 1989 жыл Палестина ұлттық кеңес орталық комитеті Ясир Арафатты өзін тәуелсіз деп жариялаған мемлекеттің президенті етіп жариялады. Туған күндер 747 жыл Ұлы Карл, франктар патшасы. 1618 жыл Франческо Мария Гримальди, итальян физигі және астрономы. Айды ең бірінші болып картаға түсірген ғалым. 1805 жыл Ганс Христиан Андерсен, атақты даниялық ақын-жазушы, балалар әдебиетшісі. 1840 жыл Эмиль Золя, француз жазушысы, реализм жанрының негізін салушылардың бірі. 1927 жыл Ференц Пушкаш, венгр футбол жұлдызы.