- Негізгі бет
- Тарих
- 10 сәуірдегі қызықты...
10 сәуірдегі қызықты оқиғалар
Мейрамдар
Халықаралық қарсылық көрсету күні. (Екінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі партизандар рухына арналған күн).
Құрылысшылар күні. (Әзірбайжан)
Одесса азат етілген күн. (Украина)
Оқиғалар
1710 жыл – Англияда «Анна ханшаның статусы» – авторлық құқық туралы заң алғаш рет қабылданды.
1722 жыл – Пётр I бұйрығымен Санкт-Петербургте ауа райын тұрақты бақылап отыратын тізім жасалды.
1741 жыл – Мольвиц соғысы. Австрия мұрасы үшін соғыстардағы бұл майданда Пруссия мен Австрия әскері соғысты. Көп шығындалған болса да, прусс армиясы жеңіп шықты.
1814 жыл – Гиссен университетінде 13 жасар Карл Виттеге ғылым докторы атағын береді. Содан бері бұл рекордты ешкім жаңарта алмай келеді.
1820 жыл – ағылшындар алғаш рет Алгоаға (Оңтүстік Африка) қоныстанды.
1841 жыл – «New York Tribune» газетінің алғашқы саны шықты.
1849 жыл – америкалық Уолтер Хант қауіпсіз түйреуіш үшін патент алды.
1912 жыл – Ұлыбританияның «Титаник» кемесі Саутгемптон портынан өзінің алғашқы һәм соңғы сапарына шықты.
1940 жыл – Исландия Даниядан бөлінді.
1944 жыл – Одесса азат етілді.
1963 жыл – АҚШ тың «Трешер» атом суасты кемесі батып кетті. Экипаждағының барлығы қаза табады.
1972 жыл – Бактериялық қаруды қолдануға тиым салу туралы халықаралық конференция ұйымдастырылды.
1979 жыл – Болгарияның алғашқы ғарышкері Георгий Иванов ғарышқа ұшты.
Туған күндер
1651 жыл – Эренфрид Вальтер фон Чирнхаус, неміс математигі, философ, өнертапқыш.
1727 жыл – Самуэль Гейнике, неміс педагогі, соқырлар мен сақауларды оқытудың әдістерін алғашқ ойлап тапқан.
1766 жыл – Джон Лесли, шотланд физигі, математигі, өнертапқышы. Алғаш рет жасанды мұз алу тәсілін ұсынған.
1810 жыл – Бенджамин Хенри Дай, америкалық журналист, «Нью-Йорк Сан» газетінің негізін қалаушы.
1838 жыл – Фрэнк Стивен Болдуин, америкалық өнертапқыш, арифмометр мен калкуляторды ойлап тапқан.
1847 жыл – Джозеф Пулитцер, америкалық журналист, баспа, журналистика саласында Пулитцер сыйлығының негізін қалаушы.
1952 жыл – Стивен Сигал, америкалық актер, продюсер, режиссёр, жекпе-жек өнерінің шебері.
1973 жыл – Роберто Карлос, бразилиялық футболшы.
Т. Раушанұлы