Азамат Сатыбалды
- 02.11.1977 ж. Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауылында дүниеге келген.
- 2000 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр және кино актер» мамандығын тәмамдаған.
- 2000-2001 жж. дипломдық жұмысын қорғауға орай, І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрына жіберіледі.
- 2001 ж. бері М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет атқарады.
- 2018 жылдың 27 желтоқсаннан бастап Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры болып тағайындалды.
- 2022 жылдың 21 ақпанынан бастап Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды.
- 2023 жылдың 28 шілдесінде "Қазақфильм" АҚ президенті болып тағайындалды.
- 2002 ж – «Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты»;
- 2014 ж – «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»;
- 2021 ж – «Құрмет» орденінің иегері
- Жары: актриса, Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері Назгүл Қарабалина, 1 ұлы бар.
"Өмірде тұрмысқа көп мән бермеген". Азамат Сатыбалды режиссер Шәкен Аймановтың жеке өміріне тоқталды