02.11.1977 ж. Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауылында дүниеге келген.
2000 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр және кино актер» мамандығын тәмамдаған.
2000-2001 жж. дипломдық жұмысын қорғауға орай, І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрына жіберіледі.
2001 ж. бері М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет атқарады.
2018 жылдың 27 желтоқсаннан бастап Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры болып тағайындалды.
2022 жылдың 21 ақпанынан бастап Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды.
2023 жылдың 28 шілдесінде "Қазақфильм" АҚ президенті болып тағайындалды.
2002 ж – «Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты»;
2014 ж – «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»;
2021 ж – «Құрмет» орденінің иегері
Жары: актриса, Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері Назгүл Қарабалина, 1 ұлы бар.