Жасампаз адамдар өз қолынан шыққан ғажайып туындыларымен адамдарды таңғалдырудан жалыққан емес. Шеберлік деп осыны айтыңыз! Испаниялық шебер Ромуло Целдрана (Romulo Celdran) "Макро" аталатын ерекше топтамасын (коллекция) жалпы жұртқа жария етті. Ол күнделікті тұрмыстағы қаламсаптың қақпағы, сіріңке талы, кір қыстырғыштардың, т.б. нәрселердің аса ірі түрін жасап шығарды.
Оның бұл туындыларына қарап өзіңізді құдды бір ергежейлі сезініп қалуыңыз мүмкін. Шебердің бұл еңбекті қалай жасағаны жұмбақ күйінде қалып отыр. Ромуло таңғажайып туындыларын жыл сайын әр түрлі көрмелерге апарады. Сонымен, шебердің туындыларын тамашалап, тамсана отырыңыз!