Францияның Ішкі Істер министрі Жерар Коллон өзінің инстаграм парақшасында заманауи француз асханасының негізін қалаушы Поль Бокюздің өмірден өткенін хабарлады. Шебер аспаз 91 жаста еді. Оның есімінің өзі Француз ұлты асханасының айрықша сипаты мен әлем жұртшылығынан ерекшеленіп тұратын аса талғампаз болмысын беретіндей, -деді Франция президенті Эммануэль Макрон. Өздеріңіз білетіндей, француз асханасының әлем мәдениетінде алар орны бір төбе. Осы салада тағайындалатын Мишлен жұлдыздары аталатын ең беделді марапат та осы ұлт өкілі есімімен аталады. Францияда Бокюзді Месье Поль деп атайтын. Ол 1970 жылдардан бастап асхананы дұрыс тамақтану ережесіне сай құру бағытын ұстанған. Яғни, адам денсаулығына зиян соустардан бас тартып, орнына пайдалы өнім тұтыну принципін қатаң сақтаған. Асхана өндірісінде нағыз революционер атанған Месье Поль соңғы 40 жылда 3 Michelin жұлдызын иеленген жалғыз аспаз болатын.