Күн жүйесінің ішкі бөлігін өзге астероидтардан қорғаушы қызметін атқаратын Юпитер ғаламшарының пайда болуы ғалымдарды қызықтырған. Ірі планетаның басқалардан ерекшелігі, құрылымының өзгешелігі талай ғалымдардың бас ауруына айналғаны белгілі.
Қазір Юпитердің әр түрлі көлемдегі 68 серігі бар. Оның төртеуін "галилейлік серіктер" деп атайды. Өйткені кезінде Галилео Галилей қолдан жасаған алғашқы телескопы арқылы осы бір аспан денелерін тапқан. Галилейдің арқасында қазір біз Ганимед, Каллисто, Ио және Европа секілді аспан денелерін білеміз.
Ірі серіктерінің төртеу болғанына қарамастан ғалымдар оның саны бесеуге дейін жеткенін анықтаған. Осыдан 4,5 миллиард жыл бұрын Юпитердің тағы бір серігі болған, алайда соқтығысудың нәтижесінде жоқ болып кеткен. Бұл ғаламшар ядросының неліктен тығыз орналасқанын, сутек көпіршігінің қоспасынан тұратынын түсіндіреді.
Ғалымдардың болжамы осындай. Дегенмен бұл теорияны дәлелдеу не жоққа шығару қазір мүмкін емес. Зерттеуде халықаралық ғарышкерлер тобы Juno зондының деректерін қолданған. Бұрынғы заманда үлкен апаттың болуы Юпитер ядросының ерекшелігін дәлдейді. Оған қоса бұл шындыққа жақын жалғыз теория дейді ғалымдар.
Сондай-ақ өзінің серігімен соқтығысқан жалғыз Юпитер ғана емес. Ғалымдар Сатурнның да апатқа ұшырғанын, серігімен соқтығысқанын болжады.