Перегрин Чёрч – көше суретшісі. Ол нанотехнологияның көмегімен таңғажайып өнер туындысын жасайды. Сол себептен оның суреттері басқа суретшілермен салыстырғанда өзінше ерекше. Перегрин салған туындылар ылғалды жерде көрінеді. Яғни көктем немесе күз мезгілінде жауын науқанында жерде пайда болады.
Оның айтуынша, жаңбыр адамның көңіл-күйін түсіріп, өмірге деген құштарлығын төмендетеді. Ал Перегиннің суреттері болса, адамды кез келген дүниеге позитивті көзқараспен қарауға жетелейді екен.
Суретшіге мұндай идея кездейсоқ келген. Ол күндердің бір күнінде YouTube желісінен супергидрофобты спрейдің затты ылғалдан сақтайтынын көреді. Осы тұстан оған тамаша ой пайда болыпты.
Сурет: www.youtube.com