Йеллоустоун жанартауы он жылдан кейін жарылуы мүмкін

Йеллоустоун жанартауы он жылдан кейін жарылуы мүмкін
Фото: hi-news.ru

Жанартаулардың атқылауы, олардың оянуы қалыпты табиғи құбылыс. Бірақ кейбір мыңжылдықтар бойы ұйқыда жатқан жанартаулардың оянуы және олардың жарылыс жасауы адамзат үшін қауіпті болуы әбден мүмкін. Ең алдымен бұл сол аймақтағы халық үшін аса қауіпті. 

Қауіп төндіріп тұрған алып жанартаулардың бірі – Йеллоустоун жанартауы. Бұл туралы дабыл қаққан Аризон университетінің ғалымдары. Олардың айтуынша, жанартау балғын магманың әсерінен осы уақытқа дейін екі рет оянып үлгерген. Ал егер Йеллоустоун жарылатын болса, апатты жағдайдың алдын алып үлгере алмайыз деп отыр. 

Ғалымдардың сөзіне қарсы тарап ретінде геологтар өз жауаптарын да берді. Олар Йеллоустоун жанартауы алдағы жүз жыл ішінде жарылмайды деп есептейді. Бірақ ғалымдар ұсынып отырған пікір алға шықты. Себебі 2013 жылдан бері жасалып келе жатқан сынақ нәтижесінде жанартау лавалары мен ішкі минералдардың жарылу қаупі екі есеге өскен. 


Арнайы зерттеу орталғының қызметкері, АҚШ геологиялық қызметінің өкілі Майкл ПоландЙеллоустоун жанартауын: «Йеллоустоун – әлемдегі ең қауіпті және үнемі бақылауда болатын жанартау. Дегенмен оның алдағы он жыл ішінде қауіп төндіруі нақты ақпарат емес»,– дейді. 

Болжамға сенсек, Йеллоустоун жанартауының нақты оянуы және жарылу қауіпі 2075 жылы болуы мүмкін. Бірақ бұл болжам ғалымдар айтып отырған алдағы он жыл ішіндегі болжамнан айқынырақ.


Тағы бір айта кететін мәселе, Йеллоустоун тек жанартау ғана емес, мың ғасырлар қойнауында болған жарылыстан пайда болған ерекше табиғи аймақ. Қазір бұл «Америка ұлттық саябағы» болып аталады. Саябақ айналасында жанартаудың минералдары жер бетіне шығып жатады. Одан қала берді гейзерлер атқылап тұрады. Мұның бәрі қалыпты жағдай деген күннің өзінде «ажал айтып келмейтіні секілді» қауіптің де қайдан, қашан келетінін кейде ғалымдардың өзі дөп басып айта алмайды. 

М. Ақан