XI ғасырда Жүсіп Баласағұн сол кездегі аса маңызды тарихи және әдеби шығармаларының бірі «Құтадғу білікті» жазды. Бұл – Қазақстан мен Орта Азиядағы түркі халықтарының зайырлы әдебиетінің бізге дейін жеткен тұңғыш ескерткіші. Бұл шығармада ақынның өз заманындағы өмір шындығы, қоғамдық сана және белгілі бір әлеуметтік топтардың саяси тұжырымдамасы өзіндік бейнемен көрсетілген.
Жүсіп Баласағұнның өмірі туралы мәліметтер аз кездеседі. Философия, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан тарихи тұлға. "Құтадғу білік" дастанының бізге жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласындағы 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14 ғасырдың 1-жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманған қаласынан табылған үшінші нұсқа 12 ғасырда араб әрпімен қағазға түсірілген.
Жүсіп Хас Хажиб 1085 жылы Қашқар қаласында қайтыс болады. Ол тек жазушы, философ қана емес, сонымен қатар, қоғам қайраткері ретінде де белгілі болған. Қашқар қаласында жерленген. Бас уәзірге арналып салынған кесене сол мекеннің тұрғындары үшін қасиетті орындардың біріне айналған. Кесене Қашқар қаласының ескі аймағында Ид Ках мешітінен алыс емес жерде орын тепкен.
Назарларыңызға «Шоқан Уәлиханов керуен жолы бойымен» экпедициясы кезінде Жүсіп Баласағұн кесенесі жайлы TengrinewsTV тілшілері дайындаған видеомағлұматты ұсынамыз.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/NJppWVpTiVM&feature","width":"450","height":"338"});
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: massaget.kz