Вьетнамның солтүстігінен оңтүстігіне дейінгі қашықтық - 1652 шақырым. Бұл Еуропадағы Лондоннан Римге, АҚШ-тағы Нью-Йорк-тен Майамиге, Австралиядағы Брисбенбен Мельбурнге дейінгі қашықтықпен бірдей.
Астанасы – Ханой қаласы. Халқының 88%-ы – вьеттер (жергілікті тұрғындар). Қалғандары мыонг, кхмер, таи, тхай, тағы да басқа ұсақ халықтар.
Мұнан өзге ірі қалалары – Хошимин және Хайфон. Елдің ежелгі астанасы Хюэде көне ғимараттар сақталған.
Ресми тілі - вьетнам тілі. Тұрғындары негізінен буддизмді, сонымен қатар христиан, ислам діндерін ұстанады.
Тонкин шығанағындағы Халонг мүйісі қазіргі таңда ЮНЕСКО-ның қорғауына алынған. Бұл әлемдегі табиғаты ең әдемі орындардың қатарына кіреді. Халонг мүйісіне жыл сайын миллиондаған турист саяхаттайды.
Вьетнам – әлемдегі жұмыссыздық деңгейі төмен мемлекеттердің бірі.
Пайдалы қазбалары: ас көмір, темір рудасы, қорғасын, мырыш, боксид, қалайы, вольфрам.
Күн сайын Вьетнам жолдарымен он миллионнан астам мотоцикл мен мотороллер жүреді.
Вьетнамдағы ең көп таралған есім – Nguyen.
Вьетнам – Шығыс Азиядағы латын әліпбиін қолданатын жалғыз мемлекет. Осы аймақта орналасқан Қытай, Корея, Жапония өз әліпбилерін қолданады.
Вьетнам әлемде кешью жаңғағын экспорттаудан бірінші, күріш өсіруден екінші орын алады.
Вьетнам - БҰҰ-ның мүшесі, оның жүз алпыс елмен дипломатиялық қарым-қатынасы бар.
Вьетнам территориясының 75%-ын таулар мен төбелер алып жатыр.
Фансипан тауы – елдің ең биік нүктесі.
Солтүстік Вьетнамның ең биік нүктесі - Хоан-Геленшон жотасындағы Фанши шыңы (3143м.)
Оңтүстік Вьетнамда - Гоклинь тауы. (3280м.)
Вьетнамда 30 ұлттық саябақ бар, оның ішіндегі ең үлкені - Yok Don.
Сурет: ru.tsn.ua