Саяхат және гастрономия туралы жазатын Travel + Leisure журналы чилилік порт-қала Вальпараисоны әлемнің ең тартымды қалалары тізіміне кіргізді.
Айта кетелік, Вальпараисо қаласының іргесі 1536 жылы қаланды. Қала Чили астанасы Сантьягодан 110 километр солтүстік-батыста орналасқан.
Diario Proa басылымының жазуы бойынша, бұл ерекше туристік қала Джайпур, Рио-де-Жанейро қалаларымен бір қатарда тұруға әбден лайық орын.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: tourister.ru, gooddays.ru, blog.tui.ua, venividi.ru