- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Үздік айғай байқауы...
Үздік айғай байқауы өтті
Ең керемет айғайға Мәскеудегі Норвегия елшілігі байқау жариялады. Байқау атақты «Айғай» туындысын дүниеге әкелген Эдвард Мунктың 150 жылдығына орай ұйымдастырылған. «Норвегияға жеткізіп айғайла» байқауы бүгін аяқталды.
Ресейдің 18 жастан асқан барлық азаматтары бұл жарысқа қатыса алды. Қатысушылар өз дауыстарын аудиоға жазып, әділ-қазыларға тапсырған. Басты талап – ең зор дауыс емес, шығармашылықпен, ізденіспен келу дейді ұйымдастырушылар. Алғашқы кезде тексерушілер бір күннің ең жақсы айғайын таңдады, келесіде аптаның керемет айғайы, тиісінше жалпы байқаудың фавориті анықталған.
Өз даусын жазғысы келгенде біркелкі айғайламауы тиіс екен. Қанша айғайласа да еркі өзінде.
Жеңімпаздар ендігіде Норвегияға баратын 800-4000 еуролық құны бар қызықты турларға ие болды. Күннің және аптаның жеңімпаздарына да қыстық киімдер сыйланды.
Жалпы, «Айғай» картинасының төрт нұсқасын барын айта кетейік. Алғашқы кезде ол «Торығу» деп аталған болатын. Қазіргі уақытта оның бір ғана нұсқасы жеке коллекционердің қолында сақтаулы тұр.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: afisha.mail.ru
А. Құлтай