- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Ұйықтап алуға болатын...
Ұйықтап алуға болатын кітапхана
Кітапхана – оқырман үшін, жалпы ілім іздеген адам үшін сан мыңдаған жауһарлар тұрған киелі орда, тәрбие мен білім мектебі десек қателеспейміз. Рухани әлемін байытқысы келген адам керекті дүниесін осы жерден табады. Әлемде кітапхана деген киелі орданың небір түрлері бар. Естімеген елде көп. Ұйықтап алу мүмкіндігі бар кітапхана да бар екен. Иә, бәлкім таңғаларсыз. Қаланың қайнаған қарбалас тіршілігі адамды шаршатпай қоймайтыны анық. Олар оқырмандардың тілек-қалауын орындау үшін осындай қадамға да барды.
Өткен жылдың көктемінде Мичиган Университеті (АҚШ) кітапханасы ішінен қысқа уақыт көз шырымын алуға арналған жиналмалы 6 кереуеті бар студенттік бөлме ашылған болатын. Кітапхана үзіліссіз жұмыс істейді және үстелде отырып кітап оқығанда ұйқысы келетін студенттер ыңғайлы кереуетте жатып оқу немесе ғылыми жұмысын ары қарай жалғастыруына болады. Мұндай "ерекше" кітапхана студенттер қауымын таңғалдырып қана қоймай, қатты қуантқан. Олардың айтуынша кітапхана ішінде қысқа уақыт мызғып алу жұмысқа деген құлшынысты арттырады екен.
Ж. Жұмағұлов